«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ ұйымдастыру-бақылау жұмысы бөлімінің бас инспекторы, санаты D-3, 1 бірлік, № ООР-10
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
ҚР Президенттің, Премьер – Министрдің, орталық атқарушы органдары басшылардың өткізетін селекторлық және облыс әкімінің төрағалығымен өтетін апталық аппараттық кеңестерге облыс әкімінің қатысуын ұйымдастыруына жауапты.
Кеңеске, жиналысқа, мәжіліске қатысушылардың тізімдерін, күн тәртібін дайындайды, кеңеске қатысушыларға оның өтетін орны, уақыты туралы хабарлайды, кеңес отырысының залын дайындауын ұйымдастырады, кеңеске келгендерді тіркейді және залда орналастырады, кеңестің хаттамасын жүргізеді, облыс әкімі немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның тапсырмаларын орындаушыларға жеткізеді, олардың орындалуына бақылау жүргізеді, слайдтар және өзге де материалдарды дайындауды ұйымдастырады.
Облыс әкімінің төрағалығымен өтетін отырыстарын дайындауды ұйымдастыруға жауапты болып табылады. Жиналыстардың күн тәртіптерінің талдауын жасайды, оның жұмысын жоспарлау бойынша тиісті ұсыныстар енгізеді. Әкімдік мүшелері және облыстық атқарушы органдар басшыларының ұсыныстары негізінде облыстық жергілікті атқарушы органның отырыстарында қаралатын сұрақтар тізімін құрастырады. Оларды (облыс әкімі бекіткеннен кейін) әкімдік мүшелері мен тиісті мемлекеттік мекемелердің басшыларына дер кезінде жеткізілуін қамтамасыз етеді. Регламентпен бекітілген және белгіленген тәртіпте келісілген құжаттарды жинауды жүзеге асырады. Күн тәртіптері мен отырыстарды өткізу регламенттерін, шақырылғандар тізімдерін жасайды. Отырыс залын дайындауды ұйымдастырады. Отырысқа келгендерді тіркеуді жүзеге асырады, олардың залда орналасуын ұйымдастырады. Әкімдіктің отырыстарын дайындаумен байланысты өзге де қызметтерді орындайды.
Үкіметтік делегацияларын (ҚР Президенті, ҚР Үкімет Аппараты, ҚР Парламенті басшылары, өзге де лауазымды тұлғалар) облысқа жұмыс сапарын ұйымдастыру бойынша бағдарламалар, іс-шаралар жоспарларын, сценарлық жоспарын, сызбаларды жасау, кеңестер мен жиналыстардың өткізілуін ұйымдастырады.
Облыс әкімінің қала/аудан жұмыс сапарларының ұйымдастырылуына жауапты (бағдарлама әзірлеу, хаттама жүргізу, облыс әкімінің іс-шаралардағы жүргізу тәртібін, т.б. материалдардың әзірлеу, кеңестер мен жиналыстардың өткізіліуін ұйымдастыру).
Міндеттер бөлінісіне сәйкес әрбір бас инспекторге бекітілген қала/аудан, облыстық басқармалардың әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп әр айдың 10-ы күні басшылыққа ұсынуға, қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын бақылауда ұстауына жауапты болып табылады.
Бекітілген аудандағы бағаның тұрақтылығына (әлеуметтік маңызы бар тауарлар мен жанар-жағар май бағасы), жылыту маусымына дайындығына, абаттандыру, көгалдандыру мен жарықтандыруына, билборд пен баннерлердің өзектілігі мен тұтастылығына, санитарлық тазалығына, қоқыс, қардың уақытылы шығарылуына, тұрғындардың арыз-шағымдарына, әлеуметтік маңызды обьектілерінің құрылысына, жолдардың жағдайына, облыс әкімінің қоғамдық көмекшілерінің жұмысына, мүмкіндігі шектеулі адамдарға жағдайына, жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскелерін алуға кезекте тұрғандарды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстарына және жекелеген салалардың қызметтеріне мониторинг жүргізеді.
Облыс әкімнің облыс халқымен кездесу, облыс әкімнің немесе оның міндетін атқарушы тұлғаның қатысуымен өтетін ағымдағы кеңестер, семинарлар, конференцияларға материалдар әзірлеп, іс-шараларды ұйымдастыруға қатысады.
Облыс әкімнің облыс тұрғындарының алдындағы халықпен кездесуге дайындау және өткізу кезеңінде азаматтардан облыстың аумағының қоғамдық жерлерінде орналастырылған жәшіктерден түскен хаттарды, арыздарды жинақтауын, есепке алуын және қарастыруын қамтамасыз етеді.
Облыс әкімнің облыс тұрғындарының алдындағы халықпен кездесуінде азаматтардың айтылған ескертулердің және ұсыныстардың, облыстық мәслихаттың облыс әкімнің алдындағы халықпен кездесу тапсырмалардың және ұсыныстардың іс-шаралар жоспарлары бойынша орындалуын, қажетті ақпараттарды және кездесулерді дайындауын бақылайды.
Барлық деңгейдегі әкімдердің халықпен кездесулерін ұйымдастыруға және өткізуге және тиісті кездесулерді жоғары тұрған мемлекеттік органға тапсыруға қатысады.
Бөлімнің қызметіне қатысты мәселелер бойынша басқару құжаттарын (анықтама, мәлімет хаттар, кездесулер, әкімдік қаулыларының жобалары, іс-шаралар жоспары, хаттар, түскен сұраныстар мен өзге де корреспонденцияларға жауаптар) әзірлейді.
Өз қызметі шегінде азаматтар мен заңды тұлғалардың жазбаша арыздарын қарайды.
ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Үкімет Аппаратынан түсетін сұраныстар мен тапсырмаларға жауапты уақытында жолдауын қамтамасыз етеді.
ҚР Президенті Әкімшілігі мен ҚР Үкімет Аппаратының күнделікті, апталық есептерді ұсынуды қамтамасыз етеді.
Барлық деңгейдегі және түрдегі сайлауды ұйымдастыру мен жүзеге асыруына қатысады.
Облыс әкімі төрағалық ететін тұрақты комиссия жұмыстарын ұйымдастыруға қатысады.
Облыстың әлеуметтік – экономикалық даму негізгі көрсеткіштеріне, мемлекеттік бағдарламалардың орындалуына талдау жасайды.
Бөлім басшысы мен облыс әкімі аппараты басшылығының өзге де тапсырмаларын орындайды.
Облыс әкімінің жұмыс сапарларының қорытындылары бойынша талдау жүргізеді.
Облыс бойынша пайдалануға берілетін нысандарға талдау жүргізеді.
Үздіксіз өзінің кәсіби - біліктілік деңгейін жоғарылатады.
Өз құзыреті шегінде ұйымдар мен мекемелер қызметтерін меңгеруге, бақылауға, мониторинг жүргізуге және азаматтардың құқықтары мен мүдделерін қорғауға қатысады.
Мемлекеттік-құқықтық бөліміне аудан әкімдіктерінің әкімшілік-аумақтық құрылым туралы жобаларды (ауылдарды тарату, қосу, әкімшілік-аумақтық бағыныстылығын өзгерту, бір ауылдық округті басқа округпен қосу және т.б.) дайындау бойынша тиісті материалдар жинақтауына жәрдемдеседі және талдау жасайды.
Міндеттер бөлінісіне сәйкес бекітілген облыстық басқармаларда қажет болған жағдайда Жобалық кеңсе жұмысының жүргізілуіне жәрдемдеседі.
«ТОБЖ» ақпараттық жүйесімен жұмыс істейді: облыс әкімінің хаттамалық тапсырмаларын орналастырады, хаттамалық тапсырмаларды орындау бойынша ақпарат беру мерзімдері мен сапасын бақылайды.
Облыс әкімінің жеке тапсырмаларының орындалуына мониторингті жүзеге асырады.
Құжаттар мен тапсырмаларды орындау бойынша жергілікті мемлекеттік органдардағы атқарушылық тәртіптің жай-күйіне талдауды жүзеге асырады.
(Блок B)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-48-08