«Ақтөбе облысының мемлекеттік сатып алулар басқармасы» ММ тауарлардың мемлекеттік сатып алулар рәсімдерін өткізу және мониторинг бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №04-01

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық

Функционалды міндеттер

3.1. Бөлімнің  қызметін  жалпы  басшылыққа  алу, «Мемлекеттік сатып алуды бірыңғай мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушылар жүзеге асыратын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелерін анықтау туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2018 жылғы 29 желтоқсандағы № 1127 бұйрығымен айқындылған бюджеттік бағдарламалар бойынша және ҚР «Мемлекеттік сатып алу туралы» Заңы негізінде тапсырыс берушілердің уәкілетті орган айқындайтын тауарлардың, жұмыстардың, көрсетілетін қызметтердің тізбелеріне енгізілмеген тауарларды, жұмыстарды, көрсетілетін қызметтерді сатып алуға арналған өтінімдері бойынша, тапсырыс берушімен бірлесіп конкурстық комиссиялар құру арқылы жүзеге асыра отырып, жұмыстардың мемлекеттік сатып алу  процедураларын ұйымдастыру және өткізуін қадағалау;

3.2. Бөлім  мамандарының тиісті атқарушылық және еңбек тәртібін қамтамасыз ету.

3.3. Басқарма  қажеттілігі үшін мемлекеттік сатып   алу  процедураларын  ұйымдастыру және өткізу.

3.4. Қазақстан Республикасының заңнамасымен айқындайтын бюджеттік бағдарламалар не тауарлар, жұмыстар, көрсетілетін қызметтер бойынша бірыңғай мемлекеттік сатып алуларды ұйымдастыруды және өткізуді жүзеге  асыру;

3.5. тапсырыс беруші ұсынған тапсырма негізінде конкурстық немесе аукциондық құжаттама жобасын әзірлеу және бекіту;

3.6. конкурстық және аукциондық комиссия хатшысы мен құрамын анықтау және   бекіту бойынша жұмыстар;

3.7. веб-порталда конкурсты (аукционды) жүзеге асыру туралы хабарландыруды, сондай-ақ конкурстық құжаттаманың (аукциондық құжаттаманың) мәтінін, конкурстық құжаттаманың жобаларын алдын ала талқылау, алдын ала рұқсат беру және қорытынды хаттамаларын орналастыру;

3.8. мемлекеттік сатып алулар басқармасының статистикалық және біржолғы есептерін құрау бойынша жұмыстарын орындау;

3.9.  Өткізілетін  мемлекеттік сатып алулардың конкурстық (аукциондық)   комиссия құрамына қатысу.

3.10. Жеке  және  заңды  тұлғалардың  өтініштерін  қарау.

3.11. Бөлімге жүктелген функциялар мен міндеттерді олардың орындауын   қамтамасыз ету.

3.12. Еңбек заңдылығы және мемлекеттік қызмет заңдылығы бойынша жұмысты ұйымдастыру.

3.13. Басқарма бюджетін жоспарлау және атқару жұмыстарын  ұйымдастыру.

3.14. Басқармада қаржы қозғалысы, бухгалтерлік баланс есептері және бөлінген қаражаттың басқармамен игерілуін қамтамасыз ету.

3.15. Қолданыстағы заңнамалар шегінде жоғары деңгейдегі басшылардың басқа да тапсырмаларын орындайды.

 3.16.Басқарманың мемлекеттік сатып алуды өткізу рәсіміне жататын жобалардың тізбесін жасау.

3.17. Білім, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және басқа да нысандар бойынша құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруға және өткізуге тапсырыс берушілердің ұсынылған тапсырмаларын қарау.

3.18. Тапсырыс берушілердің жеткізушілерге құрылыс-монтаж жұмыстарына лицензиясы бар болу бөлігінде қойылатын біліктілік талаптарын қарау (күрделі жөндеу мен реконструкциялауды, оның iшiнде: газбен жабдықтау, суық және ыстық сумен жабдықтау, электрмен жабдықтау желiлерiн орналастыру).

3.19. Мемлекеттік сатып алу барысына мониторинг жүргізу, оның ішінде мемлекеттік сатып алу веб-порталы арқылы.

3.20. Мемлекеттік сатып алуды жүргізуде жинақтауды, жалпылау және талдауды ұйымдастыру.

3.21. Мемлекеттік сатып алуды жинақтау және талдауға қатысты тапсырыс берушілерден белгіленген мерзімде қажетті анықтамаларды, сәйкес ақпаратты сұрату.

3.22. Өз құзыреті шегінде мемлекеттік органдарға бөлімнің әрекетіне қажетті сұрақтарды жолдауды бастамашылық ету.

3.23. Бөлімге жүктелген тапсырмалар шегінде аналитикалық анықтама, жазба, ақпарат жасақтау.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2026 – 13.02.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-48-08