«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің бас инспекторы, санаты D-3, 1 бірлік, № ОПКЗРОФИЮЛ-5

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Пәндік мамандандырылмаған мұғалімдерді даярлау
  • Жаратылыстану пәндері бойынша мұғалімдер даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар

Қосымша талаптар

Гуманитарлық ғылымдар

Функционалды міндеттер

Азаматтарды қабылдау регламентіне сәйкес жеке және заңды тұлғаларының өкілдерін облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, облыс әкімі аппарат басшысының жеке қабылдауларына алдын ала жазуды жүргізеді;

Облыс әкімінің аппаратында не облыстың басқа елді мекенінде облыс әкімінің жеке және заңды тұлғаларының өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастырады және жүргізеді;

Облыс әкімінің жеке қабылдауын өткізу кезінде облыс әкімінің жетекшілік ететін орынбасарының, облыс әкімдігінің құрылымдық бөлімшелерінің, аумақтық мемлекеттік органдардың, қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктердің басшыларының қатысуын қамтамасыз етеді;

Хаттама дайындайды және жеке қабылдау барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

Хаттамалық тапсырмалардың орындалуы туралы облыс әкімінің атына қызметтік жазба дайындайды;

Президент Әкімшілігінің өтініштерін қарауды бақылау бөлімінің меңгерушісімен, ҚР Үкіметі Аппаратының бас маманымен онлайн/офлайн форматта әкім аппаратында не облыстың басқа елді мекенінде жеке және заңды тұлғалардың өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастырады, қабылдау барысында берілген тапсырмалардың орындалуын бақылауды жүзеге асырады;

Белгіленген мерзімде жоғары тұрған және тиісті органдарға қызмет бағыты бойынша есептілік пен ақпаратты ұсынады;

Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды және өтініш берушілерге жауап жолдайды, өтініш берушілерді уақтылы хабардар етеді;

Облыс әкімдігі жанындағы Азаматтарды қабылдау орталығының жұмысын үйлестіреді, «ХҚКО ИАЖ мониторинг карталарында» өтінімді ресімдейді; 

Жергілікті атқарушы органдар және аумақтық мемлекеттік органдар басшылығының Азаматтарды қабылдау орталығында жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыруын және өткізуін бақылайды;

Өз құзыреті шегінде жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау бөлігінде жергілікті атқарушы органдарда іс жүргізудің жай-күйіне тексеру жүргізеді;

Бөлімнің құзыреті шеңберінде жеке және заңды тұлғаларға консультациялық көмек көрсетеді;

Мемлекеттік органға жүктелген миссияларды, стратегиялық міндеттер мен мақсаттарды іске асыру шеңберінде Жобалау қызметін (жобалық басқару) жүзеге асырады.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.01.2026

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.01.2026 – 23.01.2026
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-48-08