«Ақтөбе облысының экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасы» ММ мемлекеттік мекемесі мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдарын бюджеттік жоспарлау және бухгалтерлік есеп бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №ОБПГАПОИБУ-1
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Құқық және экономика негіздері
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Математикалық және компьютерлік модельдеу
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
1) Бөлімнің Ережесіне сәйкес қызметті жүзеге асыру;
2) бөлімге басшылық ету, бөлім қызметін ұйымдастыру және үйлестіру, бөлім функцияларының іске асырылуын бақылау;
3) облыстың бюджеттік параметрлерінің болжамын жасау арқылы мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары мен негізгі бағыттарын қалыптастыру;
4) облыстың мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы даму жоспарын әзірлеу және түзету кезінде облыстық бюджеттен қаржыландыруды талап ететін нысаналы индикаторларға қол жеткізу жөніндегі іс-шараларды қарау және келісу;
5) мемлекеттік аппарат, құқық қорғау органдары, ауыл және орман шаруашылығы, қоршаған ортаны қорғау, ақпараттық кеңістік және кәсіпкерлік қызмет саласында облыстық бюджеттен қаржыландырылатын бюджеттік бағдарламалардың әкімшілері бойынша бюджеттік саясатты іске асыруды қамтамасыз ету;
6) жетекшілік ететін әкімшілер бойынша бюджеттік саясатты іске асыру (облыс әкімінің аппараты, құрылыс, сәулет және қала құрылысы басқармасы);
7) облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамын ескере отырып, жоспарлы кезеңге арналған жергілікті бюджетті әзірлеу;
8) мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік өтінімдерін ҚР Бюджет және өзге де заңнамасына, облыстың әлеуметтік-экономикалық даму болжамына, облыстың даму жоспарының нысаналы индикаторларына, бюджеттік бағдарламалар жобаларына және қолданыстағы заттай нормаларға сәйкестігі тұрғысынан қарау;
9) мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламаларының жобаларын нәтижелер көрсеткіштерін дұрыс таңдау, нәтижелер көрсеткіштерін облыстың даму жоспарының мақсаттарымен, нысаналы индикаторларымен өзара байланыстыру, нәтижелер көрсеткіштеріне қол жеткізу дәрежесі, сондай-ақ олардың бюджеттік бағдарламалар әкімшісі қызметінің функцияларына, өкілеттіктеріне, бағыттарына сәйкестігі тұрғысынан қарау;
10) бюджеттік өтінімдерді, мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің бюджеттік бағдарламалар жобаларын қарау қорытындылары бойынша оларды бюджеттік комиссияның қарауына жіберу үшін қорытынды қалыптастыру;
11) бюджеттік комиссияның ұсыныстарына сәйкес мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің пысықталған бюджеттік бағдарламалар жобаларын және бюджеттік өтінімдерін қабылдау;
12) жетекшілік ететін бюджеттік бағдарламалар әкімшілерінің алдағы үш жылдық кезеңге арналған болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілігі негізінде облыстық бюджет бойынша болжамды шоғырландырылған қаржылық есептілікті жасау;
13) облыс бюджетін бекіту, нақтылау және түзету кезінде мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласында материалдар дайындау;
14) мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы алдағы үш жылдық кезеңге арналған шығыстар лимиттерін айқындау және оларды бюджеттік бағдарламалар әкімшілеріне жеткізу;
15) мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы үш жылдық кезеңге облыстық бюджет пен аудандардың (облыстық маңызы бар қалалардың) бюджеттері арасында жалпы сипаттағы трансферттердің (бұдан әрі - ЖСТ) көлемін айқындау үшін мәліметтерді дайындауға және ұсынуға қатысу;
16) мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласындағы үш жылдық кезеңге арналған облыс шығындарының болжамды көлемін айқындау үшін (ЖСТ) ҚР ҰЭМ-не мәліметтер дайындауға және ұсынуға қатысу;
17) бюджет жүйесінің принциптерін сақтау үшін мемлекеттік аппарат және құқық қорғау органдары саласында бюджет қаражатын жоспарлаудың тиімділігіне талдау жүргізуді ұйымдастыру;
18) мемлекеттік органдардың штат санының лимиттерін қысқарту, оның ішінде қосалқы қызметтерді орталықтандыру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру;
19) жоғары тұрған мемлекеттік органдарға штат санын оңтайландыру мәселелері бойынша материалдарды, жауаптарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
20) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын іріктеуді жүргізу, нарықтың дайындығын талдау, бәсекелестік ортаға беру үшін ұсынылатын функциялардың тізбесін қалыптастыру, алгоритмге сәйкес құжаттарды қалыптастыру;
21) жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру мәселелері жөніндегі комиссияның жұмысын үйлестіру;
22) әкімшілік рәсімдер туралы заңнамаға сәйкес жергілікті атқарушы органдардың функцияларын бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша өзге де функцияларды жүзеге асыру;
23) функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша ұйымдардан, мекемелерден және бизнес субъектілерінен бөлімге келіп түскен хаттар бойынша жауаптарды қарау және дайындау;
24) жұмыс тобының отырыстарын, функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша материалдарды дайындау;
25) функцияларды бәсекелестік ортаға беру мәселелері бойынша жоғары тұрған мемлекеттік органдарға жауаптар дайындау;
26) мемлекеттік қызметшілердің, құқық қорғау органдары қызметкерлерінің, мемлекеттік мекемелер қызметкерлерінің саны мен еңбекақы төлеу қоры бойынша есепті ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
27) әкімшілік реформа шеңберінде ҚР ҰЭМ-мен бірлесіп, оның ішінде мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдары саласындағы мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіктерді орталықсыздандыру бойынша жұмыс жүргізуді ұйымдастыру;
28) мемлекеттік органдардың, жергілікті атқарушы органдардың штат кестелеріне талдау жүргізуді ұйымдастыру;
29) жергілікті атқарушы органдардың штат саны мен автокөлік құралдарының лимиттерін белгілеу жөніндегі нормативтік құқықтық актілерді қабылдауды қамтамасыз ету, бюджет заңнамасын жақсарту жөнінде ұсыныстар әзірлеу;
30) бухгалтерлік есеп пен есептілікті, әкімшілік-шаруашылық қызметті жүргізуді үйлестіру және бақылау;
31) облыстың бюджеттік параметрлерінің болжамын жасау жолымен мемлекеттік аппарат және ауыл шаруашылығы саласында облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуының басымдықтары мен негізгі бағыттарын қалыптастыру;
32) бюджеттік процестерді автоматтандыру және есептілікті жақсарту мақсатында цифрлық жүйелер мен платформаларды енгізу жөніндегі жобаларға қатысу;
33) цифрлық технологиялар нарығындағы салалық ерекшеліктер мен ағымдағы үрдістерді зерттеу;
34) цифрландыру саласында тауарлар мен қызметтерді сатып алу үшін ұсынылатын техникалық ерекшеліктерді талдау;
35) бөлім қызметінің талаптар мен стандарттарға сәйкестігін қамтамасыз ету үшін бюджеттік жоспарлау мен цифрландыруға қатысты заңнамалар мен нормативтік актілердегі өзгерістерді мониторинг және талдау;
36) бюджет заңнамасы, оның ішінде мемлекеттік аппарат пен құқық қорғау органдары саласын қаржыландыру мәселелері бойынша ұйымдардан, мекемелерден және азаматтардан бөлімге келіп түскен хаттар, депутаттық сауалдар, қызметтік жазбалар, өтініштер мен шағымдар бойынша жауаптарды уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
37) жоғары тұрған органдардың хаттамалық тапсырмалары мен тапсырмалары бойынша ақпаратты уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
38) басшылықтың тапсырмасы бойынша, сондай-ақ жұмыс жоспарына сәйкес талдамалық және анықтамалық материалдарды, ақпаратты уақтылы дайындауды қамтамасыз ету;
39) еңбек және атқарушылық тәртіпті қамтамасыз ету, нормативтік құқықтық актілерді және нұсқаулық материалдарды зерделеу;
40) СМЖ (сапа менеджменті жүйесі) талаптарына сәйкес өз міндеттерін жүзеге асыру.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-89-08.