Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №01-03

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Педагогика және психология
  • Жалпы дамудың пәндік мамандандырылған мұғалімдерін даярлау
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Тілдер және әдебиет бойынша мұғалімдерді даярлау
  • Әлеуметік педагогика және өзін-өзі тану мамандарын даярлау
  • Өнер
  • Тілдер және әдебиет
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Журналистика және ақпарат
  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Дефектология
  • Гуманитарлық ғылымдар (білім саласы)
  • Әлеуметтік жұмыс

Функционалды міндеттер

Ішкі саясат жұмыстарына басшылық жасау; атқару органдардың өкілетті органдармен, жергілікті өзін-өзі басқару органдарымен, қоғамдық және діни ұйымдармен және қозғалыстармен қарым-қатынасын үйлестіру; денсаулық сақтау жұмыстарын қадағалау; санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау; білім,
ғылым, мәдениет, спортты дамыту жұмыстарын ұйымдастыру; бұқаралық ақпарат құралдары жұмыстарын үйлестіру; тілдердің қызметі және оны дамыту жұмыстарын бақылау; кәмелетке жасы толмағандардың құқығын қорғау; ұлттық
және жастар саясатын жүзеге асыру; отбасы және гендерлік саясатты іске асыру; әскери қызметке шақыру жұмыстарына бақылау жасау; мемлекеттік наградалармен марапаттауға әзірлеу жұмыстарына басшылық жасау және
оның орындалуын бақылау; сайлауды және референдумдарды өткізу; ақпараттық теңсіздігін төмендету бағдарламасы бойынша жұмыстардың орындалуын бақылау; көші-қон және демографиялық саясатты жүзеге асыру;
туристік индустриясының инфрақұрылымын дамыту; мемлекеттік-құқықтық жұмыстар; еңбек, жұмыспен қамту және халықты әлеуметтік қорғау; әлеуметтік ұжымдық шарттарды сакталуын бақылау; әлеуметтік-саяси процесстерді және ұлтаралық қарым-қатынастарды зерттеу және болжау. Аудан бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді
үйлестіру және өз саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 27.11.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

28.11.2025 – 02.12.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: 8(7132) 56-48-08.