«Ақтөбе облысының жер қатынастары басқармасы» ММ жерге орналастыру және жер есебін жүргізу бөлімінің бөлім басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №ОЗИУЗ-1

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Жерге орналастыру
  • Геодезия және картография
  • Кадастр

Функционалды міндеттер

Жерге орналастыру және жер есебін жүргізу бөлім басшысының міндеттері:

жүктелген өкілеттіктер шеңберінде Басқарма қызметіне үйлестіру;

облыс бойынша жер қатынастарын реттеу саласында мемлекеттік саясатты іске асыру;

облыстың жергілікті өкілді органына қала маңындағы аймақтардың аудандық маңызы бар қалалардың шекараларын бекітуге ұсыну;

бір ауданның, облыстық маңызы бар қаланың аумағында орналасқан жерлерді басқа ауданға, облыстық маңызы бар қалаға ұзақ мерзімді пайдалануға беру бөлігінде жер қатынастарын реттеу;

жер ресурстарын пайдалану және қорғау бөлігінде аудандық, қалалық атқарушы органдардың қызметін үйлестіруді және басшылықты жүзеге асыру;

жерге орналастыруды жүргізуді ұйымдастыру және жер учаскелерін қалыптастыру жөніндегі жерге орналастыру жобаларын бекіту;

жерді аймақтарға бөлу жобаларын және облыстың жерін ұтымды пайдалану жөніндегі жобалар мен схемаларды әзірлеуді ұйымдастыру;

жерді пайдалану мен қорғау мәселелерін қозғайтын, облыстық, қалалық, аудандық маңызы бар жобалар мен схемаларға сараптама жүргізу;

аудандық, облыстық маңызы бар қалалардың деректері негізінде облыстық жер теңгерімін жасау;

ауыл шаруашылығы алқаптарын бір түрден екіншісіне ауыстыру жөнінде ұсыныстар дайындау;

жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес (геоботаникалық, сондай-ақ жайылымдық жерлерді ұтымды пайдалану) жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

жайылымдарды суландыру жөніндегі іс-шаралар жоспарларын әзірлеу және бекіту;

жер учаскесінің нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылуын бақылауды жүзеге асыру;

жер-кадастрлық карталарды, оның ішінде цифрлық карталарды дайындау және жүргізу;

жер учаскесін алған тұлғалардың тізімдері бар ақпаратты интернет-ресурста ай сайын орналастыру;

табысталған жер учаскелері бойынша есепке алу және жер мониторингін жүргізу;

облыс әкімдігінің қаулыларымен берілген, Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылмайтын немесе пайдаланылған жер учаскелерін мемлекеттік жер қорына қайтарудың орындалуына бақылауды жүзеге асыру;

облыстың әкімшілік-аумақтық құрылысына  берілген жер учаскелерін түгендеу (жеке қосалқы шаруашылық, жеке тұрғын үй құрылысы, шаруа қожалығы, коммерциялық мақсаттағы және бау-бақша шаруашылығын жүргізу);

жер қойнауын пайдалануға арналған Келісімшарттармен және лицензиялармен (топографиялық-геодезиялық, аэроғарыштық, картографиялық, жерге орналастыру жұмыстарын жүргізу, жерді сандық және сапалық есепке алу) берілген жер учаскелері бойынша координаттық деректердің орналасуын айқындау және енгізу;

агроөнеркәсіптік кешеннің ақпараттық-маркетингтік жүйесінің жұмыс істеуі мен дамуы үшін жағдайлар жасау;

ауылдық аумақтарды дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісілген ауылдық аумақтардың әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымын дамыту жөніндегі басымдықты жергілікті бюджеттік инвестициялық жобалардың және бюджет қаражаты есебінен қаржыландырылатын агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі жобалардың тізбесін қалыптастыру;

қала және аудандарда ауыл шаруашылық мақсатында және коммерциялық жер учаскелеріне құқықты сауда-саттықта (аукциондарда, конкурстарда) сатумен байланысты жұмыстарды ұйымдастыру;

өз құзыреті шегінде жер учаскелерінің бөлінетіндігі мен бөлінбейтіндігін айқындау;

қала мен аудандардың деректері негізінде жер пайдаланушылардың иесіз және пайдаланылмайтын жер учаскелерін есепке қою;

мақсаты бойынша пайдаланылмайтын және игерілмеген немесе Қазақстан Республикасының заңнамасын бұза отырып пайдаланылатын жер учаскелерін анықтау;

өткізілген конкурстар туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;

конкурсқа шығарылатын ауыл шаруашылығы мақсатындағы бос жер учаскелері туралы ақпаратты интернет-ресурста орналастыру;

жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету;

жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау;

ҚР АШМ Жер ресурстарын басқару комитетіне, облыстық әкімдікке және облыстың басқа да департаменттері мен басқармаларына сапалы, уақтылы ақпарат беру;

басқарма басшысының баяндамаларына материалдар дайындау;

ауылдық аумақтарды дамыту мониторингі;

аудандардың және Ақтөбе қаласының деректері негізінде облыс бойынша жеке тұрғын үй құрылысына, ауыл шаруашылығы және коммерциялық жер учаскелерінің бөлінуіне ықпал ету және есебін ай сайын жүргізу;

аудандар мен Ақтөбе қаласының деректері негізінде жер учаскесін беру жөніндегі мемлекет меншігіне қайтаруға қабылданған қаулылардың есебін және облыс бойынша ауылдық аймақтардың даму мониторингін жүргізіп ақпарат дайындау, жылдық есебін жүргізу;

салық органдарынан жер саласы төлемдерінің есебін жинақтау;

уақытша жер пайдалану (жалдау) мерзімі аяқталатын құқықтық қатынастар туралы «Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясының Ақтөбе филиалының Жер кадастры автоматтандырылған ақпараттық жүйесінде тіркелген мәліметі негізінде Ақтөбе қаласы және аудандардың атқарған жұмыстары бойынша жер  кадастры есебіннің мониторингін жүргізу және ай сайын ұсыныстар дайындау;

аудандар мен Ақтөбе қаласының деректері негізінде жер учаскесін беру жөніндегі қабылданған қаулылардың есебін және облыс бойынша ауылдық аймақтардың даму мониторингін жүргізіп ақпарат дайындау, жылдық есебін жүргізу;  

жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыру.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 23.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

24.10.2025 – 29.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-48-08.