«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік, №Р-17

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Биологиялық және сабақтас ғылымдар
  • Агрономия
  • Мал шаруашылығы
  • Ветеринария

Функционалды міндеттер

Мал шаруашылығы, қайта өндеу бөлімдерінің жұмысын ұйымдастырады;
мал шаруашылығы өнімдерін өндіру және өткізуде ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерінің ассоциацияларын құруға және ұйымдастыруға қолма-қол көмекті ұйымдастырады;
асыл тұқымды мал шаруашылығын сақтау және дамыту жөніндегі облыстық (өңірлік) бағдарламаларды әзірлеуін және іске асырылуын қадағалайды;
Ақтөбе облысының аумағында агроөнеркәсіп кешені саласында Қазақстан Республикасының заңнамаларын бірыңғай және дәл қолдануын қамтамасыз ету, оларды іске асыру механизмін жасақтау, олардың уақытылы іске асырылуын бақылайды;
салалық дамуға, яғни мал шаруашылығына бағытталған инвестициялық жобаларды (СҚО тәжірибесі аясындағы инвестициялық жобалар) іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады және орта, ірі шаруашылықтарды дамытуға жұмылдырады;
қазақ жылқы шаруашылығы және жем-шөп өндірісі ғылыми зерттеу институтын жұмысына жетекшілік етеді;
тұтыну рыногындағы бағаны тұрақтандыру жөніндегі облыстық штабтың отырыстарының күн тәртібінде қарауға ұсыныстар береді;
ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруді және класстерлік жүйесін қалыптастыру арқылы өндірген өнімнің бәсекелестіке қабілеттілігін арттыру арқасында экспортқа шығатын өнімдерді өсіруді қолдайды;
салалық дамуға бағытталған инвестициялық жобаларды іске асыру жұмыстарын ұйымдастырады және орта, ірі шаруашылықтарды дамытуға жұмылдырады;
азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді ұйымдастырады;
ауыл шаруашылығы өнімдері мен шикізатты өткізу нарығын дамыту жөніндегі, бағаны реттеудегі және ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілерін ақпаратпен қамтамасыз етудегі, нарықтық инфрақұрылымдардың қамтамасыз етудегі, нарықтық инфроқұрылымдардың қалыптастырудағы, отандық тауар өндірушілерді қорғау шаралардың әзірлеудегі жұмыстарға басшылық жасайды;
аумақтық азық-түлік тауарларының тұрақтандыру қорының жұмысын және осы қорды басқару комиссиясының жұмысын қамтамасыз етеді.
Астана қаласы, Ақтөбе қаласында ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін ұйымдастырып, өткізуге жауапты.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 20.10.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

21.10.2025 – 23.10.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-48-08