«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары, санаты D-2, 1 бірлік, № Р-16
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі аппараты жұмысының жалпы бағыттарын анықтауға қатысу.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
Облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Үкімет аппаратымен, Парламент аппаратымен, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Облыс әкімі мен әкімдігінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалармен, олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
Облыс әкімдігіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Мемлекет Басшысының және мемлекеттік органдардың өзге де жоғары тұрған лауазымды адамдарының өңірге сапарларын ұйымдастыру;
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында сайлау өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (құзыреті шегінде);
Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық атқарушы органдардың келесідей мәселелері бойынша жұмыстарын ұйымдастыру және үйлестіру.
Облыс әкімдігінің отырыстарын дайындау.
Облыс әкімінің селекторлық режимдегі Үкімет отырыстарына, жоғары тұрған органдар мен лауазымды адамдар өткізетін селекторлық кеңестерге қатысу.
Облыс әкімдігінің отырыстарында, облыс әкімінің жедел кеңестерінде қарау үшін мәселелердің тізбесін, облыс әкімі аппаратының жұмыс жоспарларын әзірлеу және олардың орындалуын бақылауды ұйымдастыру.
Өз құзыреті шегінде азаматтық қорғаудың аумақтық кіші жүйесіне басшылық ету.
Азаматтық қорғаныс мүлкін жинақтау, сақтау, жаңарту және даярлықта ұстау бойынша көлемдерін айқындау және қажетті шараларды қабылдау.
Төтенше жағдайлардың туындауына әкеп соққан аварияларды, апаттар мен апаттарды тергеуге қатысу.
Терроризмнің алдын алу, сондай-ақ терроризмге қарсы комиссиялар арқылы облыс аумағында терроризмнің салдарын азайту және (немесе) жою жөніндегі қызметті ұйымдастыру.
Ұлттық қауіпсіздік органдарымен және ішкі істер органдарымен келісім бойынша облыс аумағында орналасқан террористік тұрғыдан осал объектілердің тізбесін әзірлеуді және бекітуді ұйымдастыру.
Құқық қорғау органдарының, оның ішінде облыс аумағында қоғамдық тәртіп пен қауіпсіздікті қорғауды қамтамасыз ету саласындағы өзара іс-қимылды ұйымдастыру және қызметін үйлестіру.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес, құқық бұзушылықтардың алдын алу. төтенше жағдайлардың алдын алу мен жою жөнінде облыстық комиссиялардың қызметін қамтамасыз ету.
Өңірлік жедел штабтың жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысу және облыстық құқық қорғау органдарымен келісе отырып, бекітілуін қамтамасыз ету, өңірлік жедел штаб отырысының күн тәртібі мен қаралатын материалдарды дайындау.
Өңірлік жедел штаб шеңберінде тиісті әкімшілік-аумақ бірлігінде өткізілетін командалық - штабтық оқу-жаттығуларды (жаттығуларды) өткізуге қатысу және жәрдемдесу;
Облыс аумағындағы қоғамдық – саяси жағдайларға күнделікті бақылау жасау;
Жұмылдыру дайындығы және аумақтық қорғаныс бөлімінің бейбіт уақыттағы жұмылдыру дайындығы жөніндегі жұмыстарын жоспарлауды, ұйымдастыруды және үйлестіруді жүзеге асыруын қадағалау.
Төтенше және жедел жағдайлар туындаған кезде Үкімет Аппаратының өңірлік инспекторын уақтылы хабардар ету.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалануда және өңдеуде ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарын қатаң сақтау.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.