«Ақтөбе облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы» ММ спорт түрлерін дамыту бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № ОПРВС-1
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
1) Бөлімнің жұмыс жоспарын әзірлеуге және оның орындалуына жауапты.
2) Баяндамалар, облыс әкімінің есептері, ақпараттар үшін бөлім қызметкерлерінен қажетті материалдарды жинақтайды және оларды жасақтайды.
3) Бөлім қызметіне жалпы басшылық жасайды, бөлімге жүктелген міндеттер мен тапсырмалардың, түскен құжаттардың уақытында орындалуына, бөлім қызметкерлерінің орындаушылық және қызмет тәртібіне жауапты.
4) Бөлім жұмысын үйлестіру және ұйымдастыру:
- жұмыс уақытын үнемді және тиімді ұйымдастыру;
- тапсырманы уақытылы және сапалы орындау;
- ережелерге сәйкес іс-құжаттарды рәсімдеу, дайындау және бекітілген тәртіптерге сәйкес мекеменің мұрағатына өткізу;
- жаңа технологияны басқаруды енгізу негізінде бөлім жұмысын үйлестіру бойынша шаралар қолдану.
5) Олимпиадалық спортты жетілдіруде стратегиялық, өңірлік бағдарламаны жүзеге асыруда ақпараттарды дайындау барысында бақылауды ұйымдастыру және қатысу.
6) Ұзақ мерзімді, орта мерзімді жоспарларды құруда басшылық жасау, келістіру және жоспардың бөлімдерін бір-біріне байланыстырып орындауға жауапты.
7) Спорттық қызметте комиссия жұмысын ұйымдастыру және топ жұмыстарын жетілдіру.
8) Басқарма басшысының бөлімге қатысты мәселелер бойынша алқа мәжілістерін, кездесулерге материал дайындап, ұйымдастыру.
9) Кезеңдік есептердің белгіленген мерзімде орындалуын қадағалау. Олимпиадалық спорт түрлерінен мониторингі және қорытындысы жөнінде жұмыстарды қадағалау.
10) Бөлімдегі сұрақтар бойынша басқа құрылымдармен байланыста болу.
11) Басқармада жасақталатын нормативтік құқықтық актілерді дайындауға қатысу.
12) Басқарманың тәртіптік, аттестациялық, конкурстық, тәлімгерлік, аккредитациялық, қызмет өтілін бекіту, мемлекеттік сатып алу, мемлекеттік қызмет көрсету комиссияларының жұмысына қатысу.
13) Азаматтар мен заңды тұлғалар құқықтарының, бостандықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын және қорғалуын қамтамасыз етуге, олардың өтiнiштерiн Қазақстан Республикасының заңнамасында белгiленген тәртiппен және мерзiмдерде қарау.
14) Құқықтық мәселелерді қарау кезінде сотта, сондай-ақ басқа да ұйымдарда облыс басқармасының мүдделерін білдіру.
15) Облыстың басқармасына қатысты құқықтық және нормативтік құқықтық актілердің, шарттардың, іс жүргізу құжаттарының, сондай-ақ құқықтық сипаттағы өзге де құжаттардың жобаларын әзірлеуге қатысу.
16) Мемлекеттік органның қатысуымен даулар бойынша талап қою жұмысының, сот практикасының жай-күйіне талдау жүргізу.
17) Басқарманың қызметіне қатысты консультативтік-кеңесші органдардың жұмысына қатысу.
18) Басқарма қызметкерлері қызметінің тиімділігін бағалауға қатысу.
19) Облыста дамытылатын жоғары спорт түрлері бойынша мониторинг жүргізу (спортшылардың нәтижелік көрсеткіштеріне талдамалық анықтамалар, резерв, күтілетін нәтижелер бойынша) ақпараттар дайындау.
20) Аумақтық, республикалық спорттық іс-шараларды ұйымдастыру.
21) Басқармаға қарасты мекеме-кәсіпорындардың жұмысына бақылау жасайды. Дамытылатын спорт түрлері бойынша жоғары дәрежедегі спортшылар мен жаттықтырушы-оқытушы құрамы бойынша жауапты.
22) Өңірдегі жоғары спорт түрлерін дамыту, жарыстың Ережесін құрастыру, облыстық құрамаларды жинақтау, спорт түрлері бойынша бағдармалар әзірлеу, спорт мектептерінің жұмысын қадағалау.
23) 1-ФК есебінің жинағын (бөлім құзыретіне кіретін есептің бөлімдері), Басқарманың күнтізбелік жоспарын дайындайды, барлық спорт түрлері бойынша облыс құрамаларының дайындығы мен республикалық және халықаралық жарысқа қатынасуын қамтамасыз етеді.
24) Ресми дене шынықтыру және спорттық іс-щараларды медициналық қамтамасыз етуді, дене шынықтыру және спорт іс-шараларын өткізу кезінде қоғамдық тәртіп пен қоғамдық қауіпсіздікті ұйымдастыру.
25) Жоғары спорт жетістіктері, олимпиадалық спорт саласында ғылыми зерттеулерді жүргізуді ұйымдастыру және қызметтің ғылыми-әдістемелік жүйесін жетілдіру.
26) Бөліммен көрсетілетін мемлекеттік қызметтердің құжаттамаларына, есептілігіне бақылау жүргізеді;
27) Жоғары, олимпиадалық спорт түрлері бойынша оқу-жаттығу жиындарына, ресми республикалық, халықаралық жарыстарға қатысу жөнінде баянаттар қабылдайды, басшыға нақты негіздермен ұсынады және жауапты мамандарға сметалық құжаттар, бұйрықтар дайындауға тапсырма береді, олардың орындалуына бақылау жасайды.
28) Жаттықтырушылар мен спортшылардың ай сайынғы ақшалай үлес төлемдері бойынша рәсімделетін құжаттарды бақылайды, зерделейді. Сыйлықтар тапсыру және есептен шығару құжаттарының орындалуын бақылайды.
29) Аккредиттелген өңірлік және жергілікті спорт федерацияларының ұсыныстары бойынша спорттық іс-шаралардың, бірыңғай өңірлік күнтізбесін әзірлейді, оның іске асырылуын бақылайды.
30) Бөлім қызметінің құзыретіне кіретін автоматтандырылған мемлекеттік ақпараттық жүйені, электрондық құжат айналымы жүйесін (Е-Өтініш, БҚА, МОИП, Е-қызмет, easyproject, Е-архив және т. б.) басқаруда техникалық пайдалануды жүзеге асыру.
31) Бөлім қызметінің құзыретіне кіретін хаттарды қарау.
32) Қызметтік тәртіпті және Әдеп Кодексін сақтау.
33) Ақпараттық қауіпсіздік талаптарын орындау мен ақпараттық қауіпсіздік жөніндегі техникалық құжаттама талаптарын орындау.
34) Өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шараларды жүзеге асыру.
35) Басқарма басшысының қолданыстағы заңнамаға қайшы болып табылмайтын өзге де тапсырмаларын орындау кіреді.
36) Мекемедегі сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейтуге бағытталған шараларды қабылдайды және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жөнінде шаралар қабылдауға дербес жауапты болады.
37) Бөлім қызметкерлерінің орындаушылық, атқарушылық тәртіптеріне тікелей жауап беру.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.