«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары, D-O-2 санаты, 1 бірлік, № 1-2

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Экономика
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару

Функционалды міндеттер

Басшы орынбасары:
Дені сау ұлт мемлекеттік бағдарламасының іс шараларын іске асыру шеңберінде мынадай бағыттармен айналысады:
Қолжетімді және сапалы медициналық көмек.
Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің келесі көрсеткіштерімен өлшенеді:
- негізгі капиталға инвестициялар.
Халықты денсаулық сақтау қызметтерімен кеңінен қамтуды қамтамасыз ету.
Бұл міндетке қол жеткізу тікелей нәтижелердің келесі көрсеткіштерімен өлшенеді:
- ауылдық елді мекендерді алғашқы медициналық-санитарлық және консультациялық-диагностикалық көмекпен қамту (оның ішінде жылжымалы медициналық кешендердің қызметімен қамтылған халық саны);
- медициналық көмек көрсетудің әлемдік стандарттарына сәйкес келетін жаңа және жаңғыртылған Денсаулық сақтау объектілерінің жыл сайынғы саны;
- ауылдық елді мекендерде, оның ішінде тірек спутниктік ауылдарда ФАП, медициналық пункттер, дәрігерлік амбулаториялар ашу;
- аудандық ауруханаларды заманауи жабдықтармен жарақтандыру;
- ауданаралық ауруханаларды ұйымдастыру;
- құрылыстың инвестициялық жобаларын іске асыру;
- уақытша және тұрақты жұмыс орындарын құру;
- экономикадағы орташа жалақыға дәрігерлердің орташа жалақысын 2,5 есе арттыру;
- орта медициналық қызметкерлердің жалақысын көтеру.
Эпидемиологиялық болжау мен ден қоюдың заманауи жүйесін қалыптастыру:
- ұлттық және жаһандық тәуекелдерді болжау мен оларға ден қоюдың ғылыми негізделген жүйелерінің үлес салмағы.
Қойылған міндеттерді орындау, сондай-ақ мемлекеттік органның миссиясынан, оның стратегиялық мақсаттары мен міндеттерінен туындайтын мемлекеттік органның стратегиялық, реттеушілік, іске асыру немесе бақылау функцияларын жүзеге асыру үшін іс-шараларды іске асыру шеңберінде жұмысты қамтамасыз ету.
Денсаулық сақтау саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру жөніндегі іс - шараларды өткізу жұмыстарын қамтамасыз етеді:
- Аманат республикалық бағдарламасы;
- Аманат облыстық бағдарламасы;
- "Easyproject ұлттық жобалау платформасы" жобалық кеңсесі;
- Дені сау ұлтты дамытудың мемлекеттік бағдарламасы;
- Жұмыспен қамту жол картасы;
- Ауыл-Ел бесігі;
- Облысты дамыту бағдарламасы;
- Халықтың табысын арттыру бағдарламасы;
Уәкілетті органдарға есептер және жедел түрдегі мәліметтерді уақытылы дайындауды, төлемдер және міндеттемелер бойынша қаржыландырудың жылдық жоспарын қалыптастыруды, қаржыландырудың бекітілген жоспары бойынша бюджеттік жоспар дайындауды, мемлекеттік мүлікті, тауар-материалдық құндылықтарды есепке алуды, бюджеттік сұраныс (ақпарат) дайындауды бақылау;
Бухгалтерлік есепті және есеп беруді бюджеттік жіктеу арқылы жүргізуін бақылау, бюджеттік қаражаттарды мақсатты пайдалануды бақылау;
Бюджеттік қаражаттар есебінен қаржыландырылатын тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде тапсырысшы ретінде міндеттерді атқару;
Тауарлар, қызмет және жұмыстарды мемлекеттік сатып алу кезінде заң талаптарына сәйкестігін қадағалау, бастапқы құжатты ойдағыдай рәсімдеуді және сақталуын қамтамасыз ету;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі шеңберінде медициналық мақсаттағы бұйымдар мен медициналық техниканы сатып алуды ұйымдастыру және бақылау;
Келісім шарт дайындалуын, келісімдік қатынастарды реттелуін бақылау;
Соттарда және өзге де мемлекеттік органдарда құқықтық мәселелер бойынша мемлекеттік органның мүдделерін жүзеге асыру мен ұсынуды бақылау;
Бағынысты ұйымдарда құқықтық жұмысты ұйымдастыруға ұйымдастырушылық-әдістемелік басшылықты жүзеге асырады;
Денсаулық сақтау саласындағы шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорындарда байқау кеңесін енгізу мәселелерін ұйымдастыруын қадағалау;
Денсаулық сақтаудың кадрлық ресурстарын дамыту бойынша өңірлік кадр саясатын әзірлеу, жүргізу, есеп беру жұмыстарын бақылау;
Мемлекеттік бағдарламалары шеңберінде денсаулық сақтауда сапалы қызметтер ұсынуды, медициналық кадрлардың тапшылығын төмендетуді және олардың кәсіби деңгейін арттыруды қамтамасыз ететін, тиімді кадрлар саясатын қалыптастыру жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысуын жүзеге асыру;
Басқармаға қарасты емдеу мекемелерінің медицина кадрларымен (дәрігерлер, орта медициналық персонал) қамтамасыз ету мониторингін жүзеге асыру, қадағалау;
Құжат айналымына бақылау жүргізу. Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қаралуын қадағалау;
Мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылықты білу;
Лауазымдық нұсқаулық және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Мемлекеттік және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 02.06.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

03.06.2025 – 05.06.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21