Мәртөк ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №01/02

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

E-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Көлік қызметтері
  • Құқық және экономика негіздері
  • Сәулет
  • Дизайн
  • Арт - менеджмент
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Әлемдік экономика
  • Механика
  • Гидрология
  • Автоматтандыру және басқару
  • Материал тану және жаңа материалдар технологиясы
  • Геодезия және картография
  • Машина жасау
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар
  • Жылу энергетикасы
  • Электр энергетикасы
  • Техникалық физика
  • Құрылыс
  • Құрылыс материалдарын, бұйымдарын және құрастырылымдарын өндіру
  • Көлік құрылысы
  • Көлікті пайдалану және жүк қозғалысы мен тасымалдауды ұйымдастыру
  • Қаржы
  • Инженерлік жүйелер және желілер
  • Стандарттау және сертификаттау (салалар бойынша)
  • Мемлекеттік аудит
  • Гидрогеология және инженерлік геология
  • Өңірлік даму

Қосымша талаптар

Құрылыс бұйымдары мен конструкцияларын өндіру, стандарттау, сертификаттау және метрология (салалар бойынша), ғимараттар мен құрылыстарды салу және пайдалану, сурет өнері, мүсін өнері.

Функционалды міндеттер

Экономикалық және бюджеттік жоспарлау, ауданның салық әлеуетін арттыру, мемлекеттік мүлік және жекешелендіру, коммуналдық меншік, жергілікті өзін-өзі басқару, цифрландыру, ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуындағы дағдарысқа қарсы күрес шараларын іске асыру. Инфляцияға қарсы саясатты іске асыру. Мемлекеттік сатып алу, коммуналдық шаруашылығы, құрылыс, сәулет, тұрғын үй коммуналдық-шаруашылығы, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары. Мемлекеттік инвестициялық саясат. Тұрғындарды ауыз сумен қамтамасыз ету. Төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, өрт сөндіру және апаттан құтқару жұмыстары қызметі және осыған байланысты мемлекеттік органдарының қызметтерін үйлестіру. Экономика және қаржы, құрылыс, сәулет, тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар тасымалы және автомобиль жолдары бөлімдерінің жұмыстарына жетекшілік етеді. Өзіне жүктелген міндеттерді орындау мақсатында тиісті атқарушы органдар және олардың аумақтық бөлімшелерімен, мемлекеттік кірістер басқармасымен, статистика басқармасымен, қазынашылық басқармасымн, төтенше жағдайлар бөлімімен, банктер, «Қазақтелеком» АҚ, «Казпошта» АҚ басқа ұйымдармен өзара іс-қимыл жасайды. Төтенше жағдайлардың алдын алу жөніндегі комиссияны, көліктегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету жөніндегі, бюджеттік комиссиялардың және жетекшілік ететін салалары бойынша комиссияларды басқарады.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.04.2025 – 22.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21