«Ақтөбе облысының жұмылдыру даярлығы, аумақтық қорғаныс және азаматтық қорғау басқармасы» мемлекеттік мекемесі аумақтық және азаматтық қорғаныс бөлімінің бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, №ОТИГО-1

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Бизнес және басқару
  • Құқық
  • Ақпараттық қауіпсіздік
  • Әскери іс
  • Ұлттық қауіпсіздік
  • Қоғамдық қауіпсіздік

Функционалды міндеттер

Аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелеріне қатысты Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің, облыстық әкімдік пен облыс әкімінің актілерінің, облыстық мәслихаттың шешімдерінің орындалуын бақылауды қамтамасыз етеді;
Тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктерде бейбіт уақытта аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша іс-шаралардың орындалуын ұйымдастырады, бақылайды және үйлестіреді;
Облыстың аумақтық және азаматтық қорғаныс жоспарларын әзірлеуге және өзгерістер енгізуге қатысады;
Бөлім бойынша анықтамалық деректер мен ақпараттарды дайындауды, облыс аудандарына әдістемелік көмек көрсетуді, аумақтық және азаматтық қорғаныс бойынша оқу өткізуді қадағалайды.
Жергілікті әскери басқару органдарына олардың бейбіт уақыттағы және жұмылдыру жарияланған кездегі жұмысына жәрдем көрсетеді, тиісті әкімшілік-аумақтық бірліктер аумағында әскери-экономикалық және командалық-штабтық оқулар (жаттығулар) өткізуге қатысады.
Аумақтық және азаматтық қорғаныс жүйесін жетілдіру жөнінде ұсыныстар жасайды.
Аймақтың аумақтық қорғанысын, аумақты, нысандарды, сонымен бірге аумақтық қорғаныстың міндеттерін орындауға аумақтық қорғаныстың құрамаларын құруды ұйымдастыру, бейбіт уақытта оларды қадағалау.
Жұмылдыру, соғыс жағдайы кезеңінде және соғыс уақытында міндетті күзетуге және қорғалуға жататын маңызды объектілер мен коммуналдық маңызы бар коммуникациялардың тізбесін әзірлеп, бекітеді;
Аумақтық және азаматтық қорғаныс іс-шараларын қаржыландыру көлемі бойынша ұсыныстар әзірлеуге қатысады.
Резервтік (қалалық, қала сыртындағы), көмекші және жылжымалы басқару пункттерінің жұмысын жүзеге асыру шараларына қолдау көрсетеді.
Мемлекеттік органдардың, мекемелер мен ұйымдардың құрылымдық бөлімшелерінің, әскери басқару органдарының өкілдерінің қатысуымен аумақтық және азаматтық қорғаныс мәселелері бойынша кеңестер ұйымдастыру және өткізу;
Бөлім жұмысында құпия тәртібінің сақталуын қамтамасыз етеді.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 07.04.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

08.04.2025 – 10.04.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.