«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары, санаты D-2, 1 бірлік, №Р-27
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Облыс әкімі аппараты жұмысының жалпы бағыттарын анықтауға қатысу.
Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
Облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Үкімет аппаратымен, Парламент аппаратымен, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
Облыс әкімі мен әкімдігінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалармен, саяси партиялармен және өзге де ұйымдармен олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
Облыс әкімдігіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
Ақтөбе облысы әкімдігі жобалық басқарудың регламентіне сәйкес жұмыстарды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының облысқа жетекшілік ететін мемлекеттік инспекторымен жұмыста өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық және аудандық атқарушы органдардың және өзге де уәкілетті органдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратына тиісті есепті деректерді, жедел ақпараттарды және өзге де материалдарды уақтылы ұсыну.
Қолданыстағы заңнама шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалануда және өңдеуде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарын қатаң сақтау.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.