«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ құқық қорғау органдарымен өзара әрекеттесу және терроризмге қарсы комиссия жұмысын үйлестіру бөлімінің бас инспекторы, санаты D-3, 1 бірлік, № ОПВСПОИКРАК-2
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-4, D-R-2, Е-3, E-R-2 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
Функционалды міндеттер
Терроризмге қарсы комиссия жұмыс жоспарының жобасын әзірлейді және оны Терроризмге қарсы орталығымен келіседі.
Терроризмге қарсы комиссияның отырысын дайындау мен өткізуді қамтамасыз етеді.
Аудандардың терроризмге қарсы комиссия аппараттарының қызметін ұйымдастырады және үйлестіреді.
Терроризмге қарсы комиссияның және терроризмге қарсы комиссия аппаратының іс қағаздарын жүргізуін жүзеге асырады.
Террористік тұрғыда осал объектілер тізімін бекіту үшін облыс әкімдігінің қаулысын әзірлеу және бекіту.
Терроризмге қарсы комиссияның хаттамалық шешімдерін әзірлеу және орындалуын бақылау.
Ақтөбе облысында терроризмнің алдын алу саласындағы ахуалдың дамуына ықпал ететін қоғамдық-саяси, әлеуметтік-экономикалық және өзге де процестер туралы ақпаратты талдау, оның көріністеріне жәрдем ететін себептер мен жағдайларды жою жөніндегі терроризмге қарсы комиссияның ұсыныстарын тұжырымдау.
ҚР үкіметінің 22.12.2010 ж. «Терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы қызметті үйымдастыру қағидасын бекіту туралы» №1404 қаулысына сәйкес тиісті мемлекеттік және құзырлы органдардан ақпарат жинақтау.
Облыстық терроризмге қарсы комиссия төрағасына ай сайынғы облыстағы діни ахуал туралы экспресс-талдау әзірлеу.
Терроризмге қарсы комиссиялар туралы үлгілік ережены бекіту туралы ҚР Президентінің 24.06.2013ж. №589 жарлығын басшылыққа алып жұмыс жасау.
Терроризмге қарсы іс-қимыл туралы ҚР 13.07.1999ж. №416-1 занын басшылыққа алып жұмыс жүргізу.
Мәліметтерді таратылуы шектелген қызметтік ақпаратқа жатқызу және онымен жұмыс істеу қағидаларын бекіту туралы 31.12.2015ж. №1196 Үкімет қаулысын басшылыққа алып жұмыс жасау.
Жергілікті атқарушы, құқық қорғау органдарының қызметтеріне қатысты сұрақтар бойынша Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің, орталық атқарушы органдардың, облыс әкімі мен әкімдігінің актілерінің орындалуын бақылау.
Жоғары деңгейдегі органдарға енгізу үшін Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамаларын жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу.
Облыс әкіміне жолданған жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарау.
Ақпаратты талдау, жалпылай және жүйелей білу, құқықтық актілер, жоспарлар, бағдарламалар, анықтамалар, баяндамалар ұйымдастыру;
Облыс әкімі аппараты басшылығымен және бөлім басшылығымен айқындалатын басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
-
Анықтама телефоны: 8(7132) 56-49-21