«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ басшысының орынбасары (уақытша, негізгі қызметкердің бала күтімі бойынша демалыс кезеңіне 13.10.2025 жылға дейін), D-O-2 санаты, 1 бірлік, № 1-4

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Емдік іс

Қосымша талаптар

Терапия акушерлік және гинекология оның ішінде балалар

Функционалды міндеттер

Басшы орынбасары:
Ересектерге медициналық көмек көрсету және ана мен бала денсаулығын қорғау жұмыстарын ұйымдастыру және басқару;
Ересектерге медициналық көмек көрсету және ана мен бала денсаулығын қорғау мәселелері бойынша ведомстволық бағынысты ұйымдардың қызметін ұйымдастыру және бақылау;
Денсаулық сақтау саласына қатысты мемлекеттік, жергілікті, аумақтық бағдарламалар мен стратегиялық жоспарларды жүзеге асыруды бақылау мен мониторингтеуді жүзеге асыру;
Денсаулық сақтау саласында сектораралық және ведомствоаралық серіктестікті қамтамасыз ету;
Денсаулық сақтау мекемелерінде мамандарды даярлау (қайта даярлау) бойынша жұмыстарға қатысу;
Денсаулық сақтау министрлігіне, облыс әкімшілігіне материалдар мен ақпараттар әзірлеу;
Коллегия, емдеу-профилактикалық кеңеске материалдардың жобасын даярлау;
Ересектер арасында аурулардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізу және жетілдіру;
Медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру, аурулардың ерте кезеңдерінен анықтау;
Кешендік бағдарламалар жетілдіруге қатысу, емдеу алдын-алу көмектерін жетілдіру және жақсарту үшін бөлімшелер жұмыстарын талдау және зерттеу;
Емдеу және зерттеудің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізуді бақылау;
Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемінің шеңберінде және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесінде көрсетілетін медициналық көмекті ұйымдастыру;
Қылмыстық-атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде ұсталған тұлғаларды медициналық қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіру және бақылау;
Акушерия-гинекология және педиатрия профильдері бойынша медициналық көмек ұйымдастыру, басқару;
Әйелдер мен балалардағы вакцина арқылы басқарылатын инфекцияларды иммундық профилактикалау бойынша жұмыстарды басқару;
Денсаулық сақтау мекемелерінде медициналық құрылғыларды қолданудың тиімділігін мониторингтауға қатысты жұмыстарға жетекшілік ету;
Әйелдер мен балалардың өміріне қатысты салауатты өмір салтын қалыптастыру дағдыларымен ақпараттандыру жұмыстарына жетекшілік ету;
Әйелдер мен балалар арасында аурулардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізу және жетілдіру;
Кепілді көмекті жоспарлы көлемінің жұмыстарын ұйымдастыру;
Азаматтарды жеке сұрақтар бойынша қабылдау жүргізу.
Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қаралуын қадағалау;
Мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылықты білу;
Лауазымдық нұсқаулық және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Мемлекеттік және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 17.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

18.03.2025 – 20.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21