"Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы" ММ инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы, санаты D-О-3, 1 бірлік, № 04-1
Ақтөбе облысы әкімінің аппараты
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Халықаралық қатынастар
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Әлемдік экономика
- Қаржы
- Жобаны басқару
- Мемлекеттік басқару
- Өңірлік даму
Функционалды міндеттер
3.1. Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімінің басшысы:
- Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу бөлімін басқарады;
- нормативтік құқықтық актілердің, жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің, облыс әкімі орынбасарларының, басқарма басшысының тапсырмаларының, мемлекеттік органдар мен ұйымдардың сауалдарының, бөлімнің құзыретіне жататын жеке және заңды тұлғалардың өтініштерінің орындалуын, сондай-ақ қажет болған жағдайда бөлімнің құзыретіне жататын сотта бөлімнің мүддесін білдіруді қамтамасыз етеді;
- инвестицияларды тарту және инвестициялық жобаларды іске асыру жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- Индустрияландырудың бірыңғай картасына және Инвестициялық жобалардың жалпыұлттық пулына, картадан және пулдан тыс іске асырылатын жобалардың іске асырылу барысының мониторингін ұйымдастыруды үйлестіреді.
- индустриялық-инновациялық даму жөніндегі өңірлік үйлестіру кеңесінің жұмысын үйлестіреді;
- басқарма құзыретіне кіретін заң мәселелері бойынша инвестициялық жобалардың бастамашыларына кеңес беру және заң құжаттарын жасауда құқықтық көмек көрсету;
- инвестициялық қызмет саласындағы ҚР нормативтік құқықтық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар бойынша жоғары тұрған органдарға ұсыныстар енгізеді;
- инвестициялық жобаларды іске асыру және олардың жұмыс істеуін қамтамасыз ету бөлігінде «Ақтөбе» ӘКК» АҚ, «Ақтөбе» индустриялық аймағы қызметінің мониторингін ұйымдастыру жөніндегі жұмысты жүзеге асырады;
- «Easy Project» жүйесіне ақпарат енгізуді қамтамасыз ету жөніндегі жұмысты үйлестіреді және жобалық басқармасы шеңберінде инвестициялық жобалардың іске асырылуына мониторинг жүргізеді;
- Ақтөбе облысының инвестицияларды тарту жоспарының жобасын әзірлеу бойынша жұмысты ұйымдастырады және оны келісуді және бекітуді, орындалу мониторингін қамтамасыз етеді;
- инвестициялық жобаларды іске асыру мәселелері бойынша ҚР қаржы институттарының, оның ішінде халықаралық, трансұлттық компаниялардың өкілдерімен келіссөздер жүргізеді;
- инвестициялық жобаларды, оның ішінде мемлекеттік-жекешелік әріптестік шеңберінде, ҚР Қаржы даму институттары, оның ішінде халықаралық, Трансұлттық компаниялар іске асыратын жобаларды сүйемелдеу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
- өңірдің инвестициялық саясатын қалыптастыру бойынша Мемлекеттік, Үкіметтік және өңірлік бағдарламалар жобаларына және әлеуметтік-экономикалық даму болжамына ұсыныстар әзірлеуге қатысады;
- инвестициялық жобаларды іске асыру кезінде ұсынылатын мемлекеттік қолдау шаралары бойынша әлеуетті инвесторлармен келіссөздер жүргізеді;
- мерзімді есептіліктің және бөлімнің құзыретіне жататын мәселелердің орындалуын бақылауды ұйымдастырады;
- негізгі капиталға инвестициялардың жалпы көлемінде сыртқы инвестицияларды тартуды талдау жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- тауашалық жобаларды іздеу және шетелдік инвесторларды тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- шетелдік капиталдың қатысуымен жобалар тізбесін қалыптастыру және жаңарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- Қазақстан Республикасы мүшелері болып табылатын халықаралық ұйымдармен ынтымақтастықты дамыту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- халықаралық қаржы ұйымдарының қарыздарын, гранттарын және техникалық көмегін тарту жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- жоспарланған қарыздардың, техникалық көмектің, гранттардың тізбесін қалыптастыру және оларды халықаралық қаржы ұйымдары көмегінің елдік бағдарламаларына енгізу жөніндегі жұмысты үйлестіреді;
- ҚР заңнамасына сәйкес шет елдермен және халықаралық ұйымдармен халықаралық келісімдер жасасу бойынша бақылауды жүзеге асырады;
- қолданыстағы келісімдерге, шарттарға, хаттамаларға, меморандумдарға талдау жүргізуді, қажет болған жағдайда қолданыстағы үкіметаралық келісімдер мен шарттар шеңберінде оларды жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізуді үйлестіреді;
- өңірдің Республика облыстарымен, шет елдермен өңіраралық интеграциялық өзара тиімді байланыстарын дамытуға жәрдемдеседі;
- Ақтөбе облысы әкімдігінің мүдделі құрылымдық бөлімшелерімен бірлесіп Халықаралық экономикалық форумдарды ұйымдастыруға қатысу, өңір делегациясының құрамын қалыптастыру, талдамалық және презентациялық материалдар, баяндамалар мәтіндерін дайындау жұмыстарын жүргізеді;
- тиімділікті арттыру және шығындарды қысқарту, жұмыс уақытын ұтымды пайдалану жөніндегі басқарманың жұмысын ұйымдастырады және үйлестіреді;
- басқаруды қаржылық-құқықтық қамтамасыз етуді ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- мемлекеттік органдар мен өзге де мекемелерге қатысты қаржылық-құқықтық мүдделерді білдіреді;
- басқарма жұмысын материалдық-техникалық ұйымдастыруды жүзеге асырады;
- басқарманың бухгалтерлік, статистикалық және қаржы-шаруашылық есептілігінің уақтылы ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады;
- ҚР Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Ақтөбе облысы бойынша департаментімен, Әділет департаментімен, прокуратура органдарымен, Қазынашылық, қаржылық бақылау басқармаларымен және Ақтөбе облысы әкімдігімен өзара іс-қимыл жасайды;
- мемлекеттік органның басшысына қызметкерлерді көтермелеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
- осуществляет контроль за выполнением работниками управления трудовой дисциплины;
- тауарлық-материалдық құндылықтар мен негізгі құралдардың, басқарма мүлкінің есебін жүргізеді;
- бюджетке төленетін міндетті төлемдерге сәйкес бухгалтерлік есепті, басқарма қызметкерлерінің жалақысын аударуды және аударымдарды жүргізеді;
- қазынашылық органдарында тауарларды, жұмыстарды және көрсетілетін қызметтерді жеткізушілермен шарттарды тіркеуді жүзеге асырады;
- конкурстық комиссия отырысының жұмысына қатысады;
- басқарма аппаратын күтіп ұстауды қаржыландыру жоспары бойынша кассалық есептер дайындайды;
- бөлім қызметінің мәселелері бойынша жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін уақтылы қарауды қамтамасыз етеді;
- басқарма басшылығы жүктеген өзге де функцияларды жүзеге асырады.
Компьютерде Microsoft Office, ИПГО, Е-өтініш, Documentolog, Easy Project, Е-қызмет бағдарламаларымен жұмыс істей білу, ресми құжаттарды дайындау деңгейінде мемлекеттік тілді білу.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
-
Анықтама телефоны: 8(7132) 56-49-21