«Ақтөбе облысының денсаулық сақтау басқармасы» ММ емдеу алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттарман қамтамасыз ету бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № 2-1

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-3 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

327923

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   жұмыс өтілі үш жылдан кем емес.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Денсаулық сақтау
  • Қоғамдық денсаулық сақтау
  • Фармация
  • Дәрігерлік емдеу ісі
  • Жалпы медицина
  • Емдік іс

Қосымша талаптар

Терапия

Функционалды міндеттер

Емдеу алдын алу, қоғамдық денсаулық сақтау және дәрілік заттармен қамтамасыз ету бөлім басшысы:
- тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіндегі тұрғындарға медициналық көмек көрсетілуін бақылау және де облыс медициналық ұйымдар арасында сапасын жақсарту бойынша жұмыстын ұйымдастыру;
- медициналық көмектің сапасын және жүргізілуін одан әрі жақсартуға бағытталған ұсыныстармен тұрғындардың өлім-жітім және де ауру-сырқаттану көрсеткіштерін, медициналық ұйымдардың статистикалық есептерінің талдауын бақылау;
- тұрғындардың нысаналы топтарына профилактикалық медициналық тексеріс жүргізілуін бақылау;
- қоғамдық денсаулықты сақтау мәселелері бағытында басқа ведомствалармен ведомствоаралық байланысты жүзеге асыру;
- медициналық көмектің сапасын және тиімділігін арттыру, аурулардың ерте кезеңдерін анықтау мақсатында ұйымдастыру жұмыстарын бақылау;
- бөлімнің өкілеттілігіне қатысты сұрақтар бойынша медициналық ұйымдарға жіберілетін тапсырмалардың жобаларын дайындау және олардың орындалуын бақылау, сонымен қатар аталған ұйымдардың ұйымдастырушылық қызметі процесінде анықталған бұзушылықтарды жою бойынша жіберілетін тапсырмалардың жобаларын дайындау қамтамасыз ету;
- кепілді тегін медициналық көмектің көлемі және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесі аясында облыстың медициналық ұйымдардың атқарылған қызметіне бақылау жасау және сапасын жақсарту бойынша жұмысты жүргізу;
- медициналық ұйымдардың статистикалық есептерін жәнетұрғындардың өлім-жітім мен ауру-сырқаттану көрсеткіштерін бақылау және талдауын бақылау;
- тұрғындардың нысаналы топтарына скринингтік медициналық тексеріс жүргізілуін бақылау және талдауын жүргізу;
- аурулардың алдын-алуға бағытталған іс-шараларды өткізуін және жетілдіруін бақылау;
- облыстың емдеу мекемелерінде денсаулық мектептерінің, жастар денсаулық мектептерінің жұмысына талдау мен бақылау жүргізу;
- жұқпалы аурулардың алдын-алу мақсатында емдеу алдын-алу жұмыстарын ұйымдастыру, талдау жүргізу;
- басқарманың алқа отырыстарын өткізуге және емдеу кеңестік мәжілісітерін өткізуді ұйымдастыру жұмыстарына қатысу;
- амбулаториялық дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету бойынша дерекқорға енгізілген мәліметтердің дұрыстығын бақылау;
- дәрілік заттарды сатып алуға қаражаттың дұрыс және тиімді жұмсалуын қадағалау;
- дәрілік заттарды сақтау тәртібі мен жарамдылық мерзімін бақылауды қамтамасыз ету;
- денсаулық сақтау ұйымдары мен мекемелерінің прекурсорларды, психотроптық және есірткі құралдарын, дәрілік заттарды, акцизделмейтін этил спиртін пайдалану туралы мәліметтерді уақтылы ұсынуын ұйымдастыру;
- емдеу, алдын алу бойынша атқарылған жұмыстар бойынша ақпаратты уақытында ұсыну.
Арнайы контингентке медициналық қызмет көрсету жағдайына сараптама жасау, түзеу мекемелеріндегі тұлғаларды емдеу, денсаулығын қорғау және нығайту, ұстау жағдайларын жақсарту жөніндегі шараларды дайындау және басқарма басшылығына ұсыныстар еңгізуін бақылау.
Сотталғандарды медициналық қамтамасыз ету тобының жұмысын жоспарлауға, медициналық бағдарламаларды дайындау.
Түзеу мекемелері мен Тергеу изоляторын-дағы медициналық бөлімдердің материалды-техникалық базасының деректі қажеттіліктерінің сәйкестілігіне сараптама жасау, оны нығайту туралы ұсыныстарды басқарманың басшылығына ұсыну.
Ведомствалық теңгеріміндегі медициналық мекемелерді медициналық құрал-жабдықтарымен, мүліктермен, құрал-саймандармен, дәрі-дәрмектермен қамтамасыз ету шараларын қабылдау, ол үшін тапсырыстардың уақытылы берілуін бақылау.
Ауруларды зерттеу және емдеу сапасын жүйелі бақылау.
Медициналық іс-құжаттарын жүргізу сапалығына тексеріс жүргізуі.
Жетекшілік ететін сұрақтары бойынша заңды және жеке тұлғалардан келіп түскен өтініштерді уақытылы қарау.
Мемлекеттік тілді және компьютерлік сауаттылықты білу;
Ауазымдық нұсқаулық және басшылық жүктеген басқа да өкілеттіктерді жүзеге асыру;
Мемлекеттік және еңбек тәртібін, мемлекеттік қызметшілердің қызмет этикасының қағидаларын сақтауға, өзінің қызметтік міндеттерін атқару кезеңінде киім киюдің іскерлік стилін ұстануға тиіс.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 03.03.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

04.03.2025 – 06.03.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама телефоны: 8(7132) 56-49-21