«Ақтөбе облысының дін істері басқармасы» ММ басқарма басшысы, санаты D-O-1, 1 бірлік, №Р-1.

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-1 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

688751

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-2, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі алты жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі алты жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде екі жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Гуманитарлық пәндер бойынша мұғалімдер даярлау
  • Әлеуметтік ғылымдар
  • Философия
  • Дінтану
  • Шығыстану
  • Теология
  • Түркітану
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Тарих (Гуманитарлық ғылымдар)
  • Исламтану
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

Басқарманың қызметін басқарады және жұмысын ұйымдастырады. Бағыныштылардың жұмысын бақылауды жүзеге асырады, олардың жұмысын реттейді және жоспарлайды. Өз құзыреті шегінде жүзеге асырады:
Өңірде жұмыс істейтін діни бірлестіктердің, миссионерлердің, рухани (діни) білім беру ұйымдарының қызметін зерделеуді және талдауды жүргізеді;
уәкілетті органға Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын жетілдіру жөнінде ұсыныстар енгізеді;
Діни қызмет саласындағы мемлекеттік саясатты іске асырады;
Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзатын жеке және заңды тұлғалардың қызметіне тыйым салу жөнінде құқық қорғау органдарына ұсыныстар енгізеді;
Қазақстан Республикасының Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы заңнамасын бұзуға қатысты жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін қарайды;
өз құзыретіне жататын мәселелер бойынша жергілікті деңгейде түсіндіру жұмыстарын жүргізеді;
діни әдебиетті және діни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, діни мақсаттағы заттарды тарату үшін арнайы стационарлық үй-жайлардың орналасуын бекіту жөнінде ұсыныс енгізеді, сондай-ақ діни іс-шараларды өткізуге арналған үй-жайлардың ғибадат үйлерінен (ғимараттарынан)тыс орналасуын келіседі;
ғибадат үйлерін (ғимараттарын) салу, олардың орналасқан жерін айқындау, сондай-ақ үйлерді (ғимараттарды) ғибадат үйлеріне (ғимараттарына) қайта бейіндеу (функционалдық мақсатын өзгерту)туралы шешімдерді келісу бойынша ұсыныс енгізеді;
діни бірлестіктер құрудың бастамашысы-азаматтардың тізімдеріне тексеру жүргізуді қамтамасыз етеді;
миссионерлік қызметті жүзеге асыратын адамдарды тіркеуді жүргізеді;
облыс әкімдігінің 2013 жылғы 25 ақпандағы № 40 қаулысымен бекітілген Ақтөбе облысы әкімдігінің жанындағы діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі кеңестің жұмысын ұйымдастырады;

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 25.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

26.02.2025 – 28.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

"Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама телефоны: 8(7132) 56-49-21