Әйтеке би ауданы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №01-02
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
512004
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;
- Агрономия
- Мал шаруашылығы
- Орман шаруашылығы
- Жерге орналастыру
- Агроинженерия
- Информатика
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Білім: математика
- Инновациялық менеджмент
Функционалды міндеттер
Аудандық экономика, статистика, санақ, қаржы қызметтерін үйлестіру, басшылық жасау және жетекшілік ететін салалар бойынша жүктелген міндеттердің орындалуына жауаптылықта болу. Салық және бюджетке төленетін басқа міндетті төлемдерді жинау жұмысын ұйымдастыру. Индустриалдық-иновациялық дамуымен сыртқы экономикалық іс қымыл мәселелерін үйлестіру. Коммуналдық меншікті бақылау, инвестиция және инвесторлармен бірлесе іс атқару. Экономиканың қаржы секторын дамыту; аудан бюджетінің жобасын әзірлеу жұмыстарына басшылық жасау және оның орындалуын бақылау; акциздік өнімдердің айналымына
бақылау жасау; ауылдық елді мекендерді кешенді дамыту жоспарын жүзеге асыру; аудан бойынша мемлекеттік–жеке серіктестік жұмыстарына бақылау жасау. Өз саласы бойынша мемлекеттік көрсетілетін қызметтерді үйлестіру. Ауылшаруашылығы және агроөнеркәсіп кешені бойынша жұмыстарды ұйымдастыру; жер қатынастарын реттеу; суармалы егіншілікті дамыту; су ресурстарын пайдалануды қадағалау; агрохимиялық қызмет және мал дәрігерлік бақылау; қосалқы және жеке шаруашылықтарды, сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет жұмыстарын қадағалау; индустриялық-инновациялық жұмыстарды ұйымдастыру. Қазақстан Республикасының заңнамасымен көзделген өзге де міндеттерді жүзеге асыру. Аудан әкімінің басқа да қызметтік тапсырмаларын орындау.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21