«Ақтөбе облысы индустриялық-инновациялық даму басқармасы» ММ басшысының орынбасары, санаты D-O-2, 1 бірлік, № 02-2

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысы әкімінің аппараты

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-O-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

   D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-5, B-5, C-4, C-O-3, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Халықаралық қатынастар
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Мұнай газ ісі
  • Қаржы
  • Жобаны басқару
  • Мемлекеттік аудит
  • Мемлекеттік басқару
  • Өңірлік даму

Функционалды міндеттер

3.1 Басқарма басшысының орынбасары:
Инвестициялар және инвестициялық жобаларды сүйемелдеу, индустриялық даму бөлімдерінің қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады.
Бөлім құзыретіне жататын Мемлекет басшысының жарлықтарының, тапсырмаларының, ҚР Үкіметі қаулыларының, облыс әкімдігі қаулыларының орындалуын қамтамасыз етеді, облысты дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуді және іске асыруды реттейді, ұйымдастыруды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының өңдеу өнеркәсібін дамытудың 2023 – 2029 жылдарға арналған тұжырымдамасы шеңберінде өңдеуші өнеркәсіпті дамытудың мониторингі
мен талдауын жүзеге асырады.
Индустриялық-инновациялық даму динамикасының көрсеткіштеріне мониторинг жүргізеді.
Өндірістің бәсекелестік артықшылықтарын арттыру мәселелері бойынша экономикалық талдау жүргізуді үйлестіреді және реттейді.
Негізгі кәсіпорындардың өндірістік қуаттарын экономикалық талдау мен мониторингті, сондай-ақ олардың өндірістік қуаттарын тиімді пайдалануды реттейді.
Өңірдің өндіріс және тұтыну балансын талдауды дайындау бойынша мониторингті жүзеге асырады.
Экономиканы әртараптандыру арқылы облыстың тұрақты дамуына қол жеткізуге бағытталған облыстың индустриялық әлеуетін дамыту мәселелерін үйлестіруді қамтамасыз етеді.
Аудан әкімдіктерімен және жобалардың бастамашыларымен бірлесіп өндірілетін өнеркәсіп өнімдерінің дерекқорын қалыптастыруды және жаңартуды жүзеге асырады.
Өнеркәсіпті жаңғырту мониторингін жүзеге асырады.
Өнеркәсіпті цифрландыру мониторингін жүзеге асырады.
Ашық деректердің интернет-порталында іс-шаралардың мониторингін жүзеге асырады.
Өнеркәсіп секторы кәсіпорындарының өндірістік-қаржылық қызметіне ай сайынғы алым, мониторинг, талдау жүргізу мониторингін жүзеге асырады.
Облыстың өнеркәсіптік кәсіпорындарының паспорттарының жасалуын бақылайды.
Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулыларын, облыс әкімдігінің қаулыларын, құзыретіне жататын облыстарды дамытудың стратегиялық жоспарларын әзірлеуге және іске асыруға жетекшілік етеді.
Белгіленген тәртіппен Талдамалық есептердің дайындалуын және ұсынылуын бақылауды жүзеге асырады.
Облыста тиімді инвестициялық ахуал құру және инвестициялар тарту бойынша жұмысты жүзеге асырады.
Инвестициялық қызмет мәселелері бойынша қолданыстағы заңнаманың орындалуын тексеру бойынша комиссия мен жұмыс топтарының өзара іс-қимылын ұйымдастырады.
Орта және ұзақ мерзімді жоспарлардың жасалуын бақылайды, сондай-ақ ағымдағы жоспарлардың орындалуын бақылайды.
ҚР Президентінің, ҚР Үкіметінің, Жоғары тұрған мемлекеттік органдардың, облыс әкімінің және оның аппаратының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылайды.
Облыс әкімінің аппаратымен және облыстық басқармалармен өзара іс-қимыл жасайды.
Халықаралық, республикалық және жергілікті сауда жәрмеңкелері мен көрмелерін, Инвестициялар, Индустриялық даму, инновациялық даму мәселелері бойынша қоғамдық тыңдауларды өткізуді қамтамасыз етеді.
ҚР шаруашылық субъектілерімен, кәсіпорындарымен, қаржы институттарымен және шетелдік әріптестерімен өзара қарым-қатынасты жүзеге асырады.
Басқарманың веб-сайтында өткізілетін іс-шаралар туралы ақпаратты уақтылы орналастыруды қамтамасыз етеді.
Мемлекеттік органның басшысына қызметкерлерді көтермелеу және ынталандыру жөнінде ұсыныстар енгізеді.
Басқарма қызметкерлерінің еңбек тәртібін орындауын бақылауды жүзеге асырады.
Қызметкерлермен жұмыс тәжірибесі, компьютерде жұмыс істей білу, мемлекеттік тілді білу.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 10.02.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

11.02.2025 – 13.02.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21