«Ақтөбе облысының энергетика және тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы басқармасы» ММ отын-энергетика кешені және коммуналдық сала бөлімінің басшысы, санаты D-O-3, 1 бірлік, № ОТКИКС-1.
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
327923
Жалпы біліктілік талаптары
D-О-3 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі үш жылдан кем емес;
2) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда үш жылдан кем емес.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Инженерия және инженерлік іс
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Сәулет және құрылыс
- Механика
- Гидрология
- Техникалық физика
- Стандарттау, сертификаттау және метрология
- Гидрогеология және инженерлік геология
Функционалды міндеттер
Инженерлік және коммуналдық қамтамасыз етуді ұйымдастыру (сумен жабдықтау);
Сумен жабдықтау және су бұру, электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асыру;
Елді мекендерді тұрмыстық және ауыз сумен қамтамасыз ету үшін жер асты іздеу-барлау жұмыстарын ұйымдастыру;
Сумен жабдықтау және су бұру, электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы міндеттерді іске асыру үшін мемлекеттік мекемелермен, коммуналдық кәсіпорындармен тиісті жұмысты атқару;
Мемлекеттік бағдарламалар аясында жүзеге асырылатын сумен жабдықтау және жобаларға тұрақты мониторинг жасау және тиісті органдарға ақпарат беру;
Сумен жабдықтау және су бұру, электрмен және жылумен жабдықтау саласындағы мәселелер бойынша жоғары тұрған органдардың, облыс әкімінің тапсырмаларын орындау, орталық және жергілікті атқарушы мекемелерге жедел және басқа да ақпаратты дайындау;
Ауыз сумен жабдықтау қызметтерінің құнын субсидиялауға өтінімдерді жинау, оларды талдау және қаржыландыруға өтінімдерді дайындау;
«Табиғи монополиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, сумен жабдықтау және су бұру, электрмен және жылумен жабдықтау шаруашылығымен айналысатын кәсіпорындардың инвестициялық бағдарламаларын бекітуге және түзетуге қатысу, олардың орындалуына мониторинг жүргізу;
Басқарма тапсырыс беруші болып табылатын сумен, электрмен және жылумен жабдықтау шараларының құрылыс барысына мониторинг жүргізу, орындалған жұмыстар актісін сметалық құжаттамаға сәйкес қарау, тексеру және қабылдап алу;
Бөлімнің іс жүргізу үдерісін үйлестіру;
Энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыру және осы саладағы мемлекеттік саясатты іске асыру;
Облыстағы энергетика саласы бойынша ағымдағы ахуалға талдау жасау;
Облыс бойынша үздіксіз энергиямен жабдықтау нысандарының тізбесін талдау және пысықтау, оларды тоқтаусыз энергиямен жабдықтау бойынша ұсыныстар жасау және шаралар қолдану;
Электр энергетика, энергияны өндіру, тарату және тасымалдаушы кәсіпорындарының жұмысына талдау жасау;
Өзінің құзыры аясында облыстың электр желілік кәсіпорындары мен жылу энергетикалық кешенінің қызметін реттеу саласында жергілікті мемлекеттік органдардың қызметіне әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асыру;
Облыстың электр желілік кәсіпорындары мен жылу энергетикалық кешенінің қызметін реттеу саласында нормативтік құжаттарды әзірлеуге қатысу;
Энергетика саласындағы көрсетілетін қызметті берушілердің қызметін ұйымдастыру үшін мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандарты қолданысқа енгізілгеннен кейін күнтізбелік отыз күн ішінде мемлекеттік көрсетілетін қызметтер регламенттерін әзірлеу, бекіту және олар бойынша тиісті органдарға есеп беру;
Азаматтық қорғаныс іс-шараларын ұйымдастыру;
Энергетика саласындағы цифрландыру жобаларының барысына мониторинг жүргізу.
Келіп түскен жеке және заңды тұлғалардың өтініштерін заңдылықтармен белгіленген тәртіппен және мерзімдерінде қарау;
Қызметтік тәртiпті сақтау;
Қазақстан Республикасыныңзаңдарында белгіленген шектеулердi сақтау;
Қызмет этикасының нормаларын сақтау;
Басқарма басшылығы белгілейтін басқа да өкілеттіліктерді (қызметтерді) жүзеге асырады.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- "Ақтөбе облысы әкімінің аппараты" ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы, 40
-
Анықтама телефоны: 8(7132) 56-49-21