«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ басшысының орынбасары - іс басқарушы, санаты D-2, 1 бірлік, №Р-26

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-2 (қолданыстағы)

Орташа лауазымдық айлықақы

512004

Жалпы біліктілік талаптары

   D-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:

   жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

   1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, В-4, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-3, D-R-1, Е-2, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

   2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе Қазақстан Республикасының Консутитуциялық сотынан немесе облыстық және оған теңестірілген соттан төмен емес соттарда судья лауазымында бір жылдан кем емес;

   3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

 

 

 

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық және экономика негіздері
  • Құқықтану
  • Халықаралық құқық
  • Экономика
  • Менеджмент
  • Есеп және аудит
  • Мемлекеттік және жергілікті басқару
  • Маркетинг
  • Әлемдік экономика
  • Қаржы
  • Мемлекеттік басқару

Функционалды міндеттер

Облыс әкімі аппараты және бағынысты мекеме жұмысының жалпы бағыттарын анықтауға қатысу.
Ақтөбе облысының атқарушы органдарының Мемлекет басшысының, Үкіметтің, Ақтөбе облысының әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің Аппаратының облысқа жетекшілік ететін мемлекеттік инспекторымен жұмыста өзара іс-қимылды қамтамасыз ету.
Облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің, облыстық және аудандық атқарушы органдардың және өзге де уәкілетті органдардың жұмысын ұйымдастыру және үйлестіру.
Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігі мен Үкімет Аппаратына тиісті есепті деректерді, жедел ақпараттарды және өзге де материалдарды уақтылы ұсыну.
Ақтөбе облысы әкімдігінің әкімшілік ғимаратын, автокөлік гаражын және теңгеріміндегі басқа да ғимараттарды пайдалану және күтіп ұсталуын (салу, жөндеу, қайта жөндеу) қамтамасыз ету.
Облыстың мемлекеттік мекемелері мен мемлекеттік кәсіпорындарын автокөлікпен, соның ішінде оларды жөндеуді жүзеге асырылуын қамтамасыз ету.
Мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету.
Облыс әкімінің аудандарға жұмыс сапарын ұйымдастыру.
Мемлекет басшысының, ҚР Премьер-Министрінің және өзге де тұлғалардың облысқа қызметтік сапарларын ұйымдастыру.
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында сайлау және референдумдар өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу (құзыреті шегінде).
Қолданыстағы заңнама шеңберінде басшылықтың өзге де тапсырмаларын орындау.
Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларын құрайтын мәліметтерді пайдалануда және өңдеуде ҚР «Мемлекеттік құпиялар туралы» Заңының, Қазақстан Республикасының мемлекеттік құпияларды қорғау жөніндегі Нұсқаулықтың талаптарын қатаң сақтау.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 15.01.2025

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

16.01.2025 – 20.01.2025
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21.