Ақтөбе қаласы әкімінің орынбасары, E-1 санаты, 1 бірлік, №03-0
Ақтөбе облысының әкімдігі
Ақтөбе облысы
593751
Жалпы біліктілік талаптары
Е-1 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарына мынадай талаптар белгіленеді:
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім;
мынадай құзыреттердің бар болуы: күйзеліске төзімділік, бастамашылдық, жауапкершілік, қызметті тұтынушыға және оны ақпараттандыруға бағдарлану, адалдық, ынтымақтастық және әрекеттестік, қызметті басқару, шешім қабылдау, көшбасшылық, стратегиялық ойлау, өзгерістерді басқару;
жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:
1) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-3, B-3, C-3, C-O-3, C-R-1, D-3, D-O-2, D-R-1, Е-3, E-R-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;
2) жұмыс өтілі бес жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнайы мемлекеттік органдарының басшылық лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшылық лауазымдарында бір жылдан кем емес;
3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі бес жылдан кем емес егер ұйымдардың басшылық лауазымдарында екі жылдан кем емес жұмыс өтілі болған жағдайда.
жоғары оқу орнынан кейінгі немесе жоғары білім
- Құқық
- Өндірістік және өңдеу салалары
- Агрономия
- Жерге орналастыру
- Математика
- Құқық және экономика негіздері
- Құқықтану
- Халықаралық құқық
- Графика
- Мүсін
- Сәулет
- Дизайн
- Экономика
- Менеджмент
- Есеп және аудит
- Мемлекеттік және жергілікті басқару
- Маркетинг
- Статистика
- Әлемдік экономика
- Геодезия және картография
- Құрылыс
- 2009-Жерді мелиорациялау, баптау және қорғау
- Жерге орналастыру
- Кадастр
- Қаржы
- Жаратылыстану ғылымдары: математика
- Мемлекеттік аудит
Функционалды міндеттер
Мемлекеттік тұрғын үй қоры үйлерін салу; инженерлік инфрақұрылым нысандарының құрылысы; жерді аймақтарға бөлу және жер-шаруашылық ұйымдастыру жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру; сәулет және қала құрылысы қызметінің; Ақтөбе қаласы аумағында сыртқы және сыртқы әлеуметтік (көрнекі) жарнаманы орналастыруды бақылау; бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі аясында жүзеге асатын жобаларды үйлестіру; кәсіпкерлікті қолдау және дамыту; инвестициялар тарту және инвестициялық жобаларды жүзеге асыру; аумақтың статистика органдарымен кәсіпкерлердің, шағын және орта бизнес субъектілерінің әлеуметтік-экономикалық және өндірістік көрсеткіштерін орындауы туралы есеп және есеп беруді жүргізуі бойынша қарым-қатынас (олардың орындалуы бойынша талдау және мониторинг жүргізу); сауда және баға саясаты; ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері мен тауар өндірушілердің сату көрмелерін ұйымдастыру және өткізу; мемлекеттік жеке әріптестік шеңберінде инвестицияларды тарту, жобаларды жүзеге асыру және сүйемелдеу; ана мен баланы қорғау; Ақтөбе қаласы бойынша құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссия, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау; жалпы әскери міндетті орындау, әскери есепке алу және әскери қызметке шақыру бойынша іс-шараларды ұйымдастыру мәселелері.
«Ақтөбе қаласының құрылыс бөлімі» ММ; «Ақтөбе қаласының жер қатынастары бөлімі» ММ; «Ақтөбе қаласының сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ; «Ақтөбе қаласының кәсіпкерлік бөлімі» ММ; Ақтөбе қаласының қорғаныс істері жөніндегі басқармасы қызметін үйлестіру.
жер қатынастарын реттеу және жер учаскесіне құқық беру бойынша комиссияға; Ақтөбе қаласы әкімдігі жанындағы кәсіпкерлік сұрағы бойынша сараптамалық кеңеске; қалалық шақыру комиссияға; кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау жөніндегі комиссияға басшылық жасау.
Басшылық жасайтын бағыттары бойынша мемлекеттік сатып алу мәселелерін талдау және үйлестіру.
Басқа да қалалық және облыстық мемлекеттік органдармен, сондай-ақ орталық атқарушы органдардың бөлімшелерімен оларға жүктелген міндеттердің орындалуын қамтамасыз ету мақсатында өзара қарым-қатынас жасау.
(Блок А)
Ескертпе
Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.
Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары
Құжаттарды қабылдау мерзімі:
esup@aktobe.gov.kz
- «Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40
-
Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21