«Ақтөбе облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ басшысының орынбасары, санаты D-O-2, 1 бірлік, №Р-16

Мемлекеттік орган

Ақтөбе облысының әкімдігі

Аймақ

Ақтөбе облысы

Санат

D-О-2 (күші жойылды) (27.12.2024)

Орташа лауазымдық айлықақы

441254

Жалпы біліктілік талаптары

D-О-2 санатының мемлекеттік әкімшілік лауазымдарға мынадай талаптар белгіленеді:

жұмыс тәжірибесі келесі талаптардың біріне сәйкес болуы тиіс:

1) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде мемлекеттік органның штат кестесінде көзделген келесі төменгі санаттағы лауазымдарда немесе А-4, B-5, C-4, C-O-4, C-R-2, D-4, D-O-3, D-R-2, Е-3, E-R-2, E-G-1 санаттарынан төмен емес лауазымдарда бір жылдан кем емес;

2) жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес, оның ішінде құқық қорғау немесе арнаулы мемлекеттік органдардың басшы лауазымдарында немесе әскери қызметтің басшы лауазымдарында немесе судья лауазымында бір жылдан кем емес;

3) осы санаттағы нақты лауазымның функционалдық бағыттарына сәйкес салаларда жұмыс өтілі төрт жылдан кем емес егер ұйымдардың басшы лауазымдарында кемінде бір жыл жұмыс өтілі болған жағдайда.

Білімге қойылатын талаптар

жоғары немесе жоғары оқу орнынан кейінгі білім;

Мамандығы

  • Құқық
  • Агрономия
  • Көлік, көліктік техника және технологиялар

Қосымша талаптар

Көлік (техникалық ғылымдар және технологиялар)

Функционалды міндеттер

1)Егіншілік және механизация бөлімдерінің жұмыстарына басшылық етеді;
2)Бюджеттік қаржының мақсатты пайдаланылуын, өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру жасауын бақылайды;
3)Табиғи - климаттык жағдайларды және нарық конъюктурасын ескере отырып, астық өндірісі құрылымын оңтайландыру, астық өндірудің, сақтаудың және өткізудің жаңа озық технологияларды жетілдіру және енгізеді;
4)Субсидиялау арқылы өсімдік шаруашылығының басым дақылдар өндіруде өнімнің шығымдылығы мен сапасын арттыру, жанар-жағар майдың құнын және көктемгі егіс пен егін жинау жұмыстарын жүргізуге қажетті басқа да тауарлы-материалдық құндылықтардың құнын арзандату шараларды ұйымдастырады;
5)Қазақстан Республикасы Үкіметі айқындаған тізбе мен тәртіпке сәйкес зиянды организмдерге қарсы күрес жөніндегі іс-шаралар жүргізуді қамтамасыз етеді;
6)Тұқым шаруашылығы саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырады;
7)Астық қабылдау кәсіпорындарында астық туралы заңнамаларының сақталуын бақылайды;
8) Астық нарығын реттеу және өсімдік шаруашылығындағы сақтандыру бойынша жұмыстарын ұйымдастырады;
9) Еңбек өнімділігін, тиімділігін арттыруға және инновациялық технологияларды, қуат көздерін үнемдеуді ұйымдастырады;
10) Ауыл шаруашылығының өнімдерін өндіруді және класстерлік жүйесін қалыптастыру арқылы өндірген өнімнің бәсекелестікке қабілеттілігін арттыру арқасында экспортқа шығатын өнімдерді өсіруді қолдауды ұйымдастырады;
11) Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі жоспар, көрсетілетін мемлекеттік қызметтер сапасын жақсарту бойынша іс-шаралар, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын бақылау жоспарларының орындалуын бақылайды;
12) Басқарманың құжат айналымын, персоналды басқару жұмысын және еңбек өнімділігін, тиімділігін арттыруды қадағалайды;
13) Ауыл шаруашылығы саласында техникалық және энергетикалық саясатты жүргізу, ауыл шаруашылығы тауарларын өндірушілердің лизинг бойынша ауыл шаруашылығы техникаларын сатып алуларына ықпал жасау;
14) Ауыл шаруашылығын дамытудың тиімді шараларын қарастыратын аймақтық бағдарламаларды, агроөнеркәсіптік кешеннін материалдық техникалық базасын нығайту және жетілдіру, ауыл шаруашылығы машиналарын жасаудың отандық өнеркәсібін құру және дамытуға қатысты стратегиялық жоспарларды әзірлеуді ұйымдастыру.
15) Машина-трактор паркі мен технологиялық жабдықтарды жаңартуға ықпал жасайды. Ауыл шаруашылығы құрылымдарына техниканы сатып алу кезінде көмек көрсету, прайс-парақтар бойынша техниканың сипаттамасын түсіндіру.
16) Облыс аумағында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерін көктемгі және күзгі далалық жұмыстарын жүргізу үшін қажетті дизель отынымен қамтамасыз ету жұмыстарына ықпал етеді. Дизель отынын жеткізуші операторды анықтауға қатысты ережеге қажет болған жағдайда өзгерістер иен толықтырулар енгізу туралы Министрлікке ұсыныстар береді.
17) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекцияны жүзеге асырады.
Оның ішінде ауыл шаруашылығы техникаларын тіркеу, техникалық байқаудан өткізу, кепілге қоюды мемлекеттік тіркеу және тракторист куәлігін беру, алмастыру жұмыстарына мониторинг жүргізу. Қажет болған жағдайда қолданыстағы ережелер мен стандарттарға өзгерістер енгізу туралы Ауыл шаруашылығы министрлігіне ұсыныстар дайындауды жүзеге асырады.
18) Аудандық (қалалық) инженер-инспекторларға техникалық инспекция саласында мемлекеттік қызмет көрсетуде практикалық көмек көрсетуді ұйымдастырады;
19) Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін жыл сайынғы техникалық байқаудан өтуіне аудандық әкімдіктермен бірлесе отырып, іс-шараларды ұйымдастыруға ықпал етеді;
20) «Тракторларды, олардың тіркемелерін, өздігінен жүретін ауылшаруашылығы, мелиоративтік және жол-құрылыс машиналары мен механизмдерін есепке алу және тіркеу» бюджеттік бағдарламалар әкімшісінің міндеттемелері бойынша каржыландыру жоспарын жасайды, бюджеттік өтінімдерді дайындайды, мемлекеттік сатып алуды дайындап өткізу жұмыстарына қатысу және бөлінген қаржынын игерілуіне бақылау жасайды.
21) Нормативтік-кұкықтық актілерді дайындауға, техникалардың дерек қорын жасауға ұсыныстар енгізуге, ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігімен, «ҚазАгро» ҰБХ» еншілес мекемелермен және баска да мемлекеттік мекемелермен тығыз байланыста болу, үйлестіру жұмыстарын қадағалайды.
22) Тозығы жеткен, одан әрі пайдалануға жарамсыз өздігінен жүретін ауыл шаруашылығы техникаларын (тракторлар мен астық жинайтын комбайндар) кәдеге жарату (утилизация) бойынша іс-шараларды ұйымдастыру және іске асыру; ауыл шаруашылығы техникаларының кәдеге жарату тетіктерін аудандар және Ақтөбе қаласының жергілікті атқарушы органдарына және облыстың фермерлеріне, шаруа қожалықтарына жеткізу және түсіндіру;
24) Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту саласындағы мемлекеттік техникалық инспекция саласында туындаған мәселелер бойынша азаматтық соттың отырыстарына қатысу.

(Блок А)

Ескертпе

Хабарландыруда көрсетілген лауазымдық айлықақы нақты қызметшінің жұмыс өтіліне байланысты өзгеше болуы мүмкін.


Азаматтардың құқықтары мен міндеттері
Тестілеу бағдарламалары

Жарияланған күні: 04.12.2024

Ішкі конкурс

Құжаттарды қабылдау мерзімі:

05.12.2024 – 09.12.2024
Құжаттар жұмыс уақытында қабылданады

Қажетті құжаттар

  • Тізімᅠ
  • Өтініш үлгісіᅠ
Құжаттарды жіберу
Файлдардың рұқсат етілген мөлшері: 20 МБ

Сұхбаттасу орны

«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» ММ, 030010, Ақтөбе қаласы, Әбілқайыр хан даңғылы 40

Анықтама алу үшін байланыс

Анықтама үшін телефоны: +7 (7132) 56-49-21