«Аймақ инфрақұрылымы: бюджеттік басымдықтар мен қаражатты тиімді пайдалану» тақырыбында онлайн-сауалнаманың басталуы туралы хабарландыру

Құрметті азаматтар!
Ақтөбе облысының әкімдігі «Ашық диалог» порталында «Ақтөбе облысындағы экономика және бюджеттік жоспарлау» тақырыбында онлайн-сауалнама жүргізіліп жатқанын хабарлайды.
Сіздің пікіріңіз біз үшін маңызды! Сауалнамаға қатысу және өз ұсыныстарыңыз бен ойларыңызды бөлісу үшін келесі сілтемеге өтуіңізге болады:
https://dialog.egov.kz/surveycontroller/index#/view?id=6805
Барлық ниет білдірушілерді осы сауалнамаға белсене қатысып, өңірдің дамуына өз үлестерін қосуға шақырамыз.
Қатысқандарыңызға алдын ала алғыс білдіреміз!
Құрметпен,
Ақтөбе облысының әкімдігі