«БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» а.ж. 25 қыркүйегі

«БІРІҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» а.ж. 25 қыркүйегі

Құрметті Ақтөбе облысының кәсіпкерлері!

 

Ақтөбе облысының кәсіпкерлік басқармасы 2025 жылдың 25 қыркүйегінде сағат 15:00-де бақылау және қадағалау органдарының, жергілікті атқарушы органдардың және «Атамекен» өңірлік кәсіпкерлер палатасы өкілдерінің қатысуымен «БІРЫҢҒАЙ ЕСЕП БЕРУ КҮНІ» өткізілетіндігі туралы хабарлайды.

Бірыңғай есеп беру, Қ.Жұбанов атындағы университеттің Жастар сарайы залында (Ә. Молдағұлова даңғылы, 34) өткізу жоспарланып отыр, оның мақсаты кәсіпкерлердің құқықтық сауаттылығын арттыру, бақылау-қадағалау қызметінің реформасын іске асыру шеңберінде мемлекеттік бақылау және қадағалау мәселелері бойынша заңнаманың міндетті талаптарын бұзудың жүйелі алдын алуды дамыту болып табылады.

Іс-шара шеңберінде сізде бақылау-қадағалау органының қызықтырған сұрақтарын қоюға және нақты жауап алуға мүмкіндік бар.

Жоғарыда айтылғандарға байланысты, осы іс-шараға қатысуға ниет білдірген кәсіпкерлерді а.ж. 23 қыркүйегіне дейін: orp2022@mail.kz электрондық мекен-жайы немесе 8 (7132) 410-444 (ішкі:111, 112,113) нөмірі бойынша тіркеуден өтуіңізді сұраймыз.