
2 қазан күні Шығармашылық академиясында алғаш рет белгіленген кәсіби мереке – Техникалық және кәсіптік білім қызметкерлері күніне арналған салтанатты шара өтті.
Іс-шараға педагогтер, студенттер, сала ардагерлері және әлеуметтік серіктестерді қосқанда, 400-ге жуық адам қатысты. Фойеде колледждердің үздік жобалары, шығармашылық әзірлемелері мен инновациялық идеялары ұсынылған «Жетістіктер алаңы» көрмесі ұйымдастырылды.
Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Жолдас Батырхан құттықтау сөз сөйлеп, жұмысшы мамандықтарын дамыту алдағы уақытта да мемлекеттік саясаттың басым бағыты болып қала беретінін және барлық деңгейде қолдау табатынын атап өтті.
Білім саласының ардагері, Ақтөбе политехникалық колледжінің бұрынғы директоры Қасымбек Алдияров техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінің дамуы туралы өз көзқарасымен бөлісіп, оның негізгі бағыттарын айқындап, болашақ мамандарды даярлаудағы маңызына тоқталды.
Шарада педагогтер мен сала ардагерлері марапатталды.