Ақтөбе облысының қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 01.03.2026

 

Ақтөбе облысының

қала, ауыл және ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 01.03.2026

 

Ағымдағы жылдың 1 наурызда 4 ауданда (Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар, Ырғыз) 5 ауылдық округтер, 1 ауыл мен 1 қала әкімінің сайлауы өтті: 4 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 3 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 4 аумақтық және 15 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         7 сайлау округі бойынша 27  кандидат ұсынылды: 4 (14,8%) «AMANAT» партиясынан, 1 (3,7%) «Respublica» партиясынан,  22 (81,5%) өзін-өзі ұсыну.

19 (70,4%) - мемлекеттік қызметшілер, 2 (7,4%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 5 (18,5%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері,                    1 (3,7%) – жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 3 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты, 3 кандидат тіркеуге қажетті құжаттарды ұсынбағандықтан тіркеуден бас тартылды.

Сайлауға 21 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 4 - мемлекеттік қызметшілері, 2 – коммерциялық сала өкілдері, 1 - бюджеттік сала қызметкерлері.

4 – «АМАNАТ» саяси партиясы, 1 «Respublica» партиясы, 2 – өзін-өзі ұсынды.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 45 жаста, ең кішісі 30 жаста, ең үлкені 58 жаста.

Қала, ауыл мен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

 

Дата публикации
02 марта 2026