Ақтөбе облысының
қала және ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 08.02.2026
Ағымдағы жылдың 8 ақпанда 4 ауданда (Мәртөк, Ойыл, Темір, Хромтау) 4 ауылдық округтер мен 1 қала әкімінің сайлауы өтті: 2 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 3 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 4 аумақтық және 11 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
5 сайлау округі бойынша 18 кандидат ұсынылды: 4 (22,3%) «AMANAT» партиясынан, 1 (5,5%) «Ауыл» партиясынан, 1 (5,5%) «Respublica» партиясынан, 12 (66,7%) өзін-өзі ұсыну.
13 (72,2%) - мемлекеттік қызметшілер, 3 (16,7%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (11,1%) коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері.
Тіркеуге дейін 2 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды. Бюллетеньдер дайындалғаннан кейін тіркелген 1 кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.
Сайлауға 15 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 3- мемлекеттік қызметшілері, 2 - бюджеттік сала қызметкерлері.
4 – «АМАNАТ» саяси партиясы, 1 «Respublica» партиясы ұсынды.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 43 жаста, ең кішісі 28 жаста, ең үлкені 59 жаста.
Қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.