Ақтөбе облысы бойынша қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Ақтөбе облысы бойынша 

қала, ауыл және ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

Ақтөбе облысының Әйтеке би, Қарғалы, Мұғалжар және Ырғыз аудандарының қала, ауыл және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына 2026 жылдың 1 наурызда өтетін кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 27 кандидат ұсынылды. Оның 5 - саяси партиялары, 22 - өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 22 – ер адам, 5 -әйел адам.

6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 21 партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жасы - 40 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.

27 кандидаттың жоғары білімі бар.

Кандидаттардың 21 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 2- коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды, 3 – ж ұмыспен қамтудың өзге топтарының өкілдері, 1- жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 1 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.8 ақпан сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 28 ақпан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

  1. Әйтеке би ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-aitekebi/documents/details/963555?lang=kk
  2. Қарғалы ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-kargala/documents/details/963569?lang=kk
  3. Мұғалжар ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-mugalzhar/documents/details/963616?lang=kk
  4. Ырғыз ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-irgiz/documents/details/963580?lang=kk
Дата публикации
04 февраля 2026