Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 1 наурызға тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 4 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 7 қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауды 2026 жылғы 1 наурызға тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:
  • Сұлукөл ауылдық округінде

 

  • Қарғалы ауданында әкім сайлауы:
  • Велихов ауылдық округінде

 

  • Мұғалжар ауданында әкімдер сайлауы:
  • Ембі қаласында
  • Құмжарған ауылдық округінде
  • Талдысай ауылдық округінде
  • Мұғалжар ауылында
  1. Ырғыз ауданында әкім сайлауы:
  • Жайсаңбай ауылдық округінде

 

         Бүгін 2026 жылғы 21 қаңтарда 4 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 7 қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 1 наурызға тағайындалған қала, ауылдық округтер және ауыл әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Қала, ауылы, ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2026 жылғы 22 қаңтардан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
21 января 2026