Ақтөбе облысы бойынша аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

Ақтөбе облысы бойынша 

аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтерінің әкімдеріне кандидаттарды ұсыну қорытындылары мен тіркеу барысы туралы

 

Ақтөбе облысының Мәртөк, Темір, Ойыл және Хромтау аудандарының қала және ауылдық округтері әкімдерінің сайлауына 2026 жылдың 8 ақпанда өтетін кандидаттарды ұсыну аяқталды.

Сайлау науқанының барысында 18 кандидат ұсынылды. Оның 6 - саяси партиялары, 12 - өзін-өзі ұсынды.

Ұсынылған кандидаттар ішінде 16 – ер адам, 2 -әйел адам.

6 кандидат Қазақстан Республикасы саяси партияларының мүшесі болып табылады, 12 партияға тиесілігін көрсетпеген.

Орташа жасы - 40 жас. Ұсынылған кандидаттар арасында 1 этнос өкілдері бар.

16 кандидаттың жоғары білімі, 2 -  орта кәсіптік білімі бар.

Кандидаттардың 16 мемлекеттік мекемелерде, ұйымдарда, 2 - коммерциялық құрылымдарда жұмыс жасайды.

Тіркеудің аяқталу мерзімі - а.ж.18 қаңтар сағат 18.00.

Тіркеу аяқталған сәттен бастап кандидаттар сайлау алдындағы үгітке кіріседі, ол 2026 жылдың 7 ақпан күнгі сағат 00.00-ге дейін жалғасады.

 

  1. Мәртөк ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-martuk/documents/details/951683?lang=kk
  2. Темір ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-temir/documents/details/951565?lang=kk
  3. Ойыл ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-uil/documents/details/951656?lang=kk
  4. Хромтау ауданның https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/documents/details/951725?lang=kk
Дата публикации
14 января 2026