Ақтөбе облысының
аудандық маңызы бар қала әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 11.01.2026
Ағымдағы жылдың 11 қаңтарда 2 ауданда (Мұғалжар, Хромтау) 2 аудандық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті: 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 2 аумақтық және 21 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
2 сайлау округі бойынша 6 кандидат ұсынылды: 1 (16,7%) «AMANAT» партиясынан, 5 (83,3%) өзін-өзі ұсыну.
5 (83,3%) - мемлекеттік қызметшілер, 1 (16,7%) – үкіметтік емес ұйым қызметкері.
Сайлауға 6 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 1 - мемлекеттік қызметші, 1 - үкіметтік емес ұйым қызметкері.
1 – «АМАNАТ» саяси партиясынан, 1 - өзін – өзі ұсынушы.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 36 жаста, ең кішісі 35 жаста, ең үлкені 38 жаста.
Аудандық маңызы бар қала әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.