Ақтөбе облысының
аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 21.12.2025
Ағымдағы жылдың 21 желтоқсанда 2 ауданда (Алға, Әйтеке би) 3 ауылдық округтер мен 1 аудандық маңызы бар қала әкімінің сайлауы өтті: 4 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 2 аумақтық және 20 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
4 сайлау округі бойынша 14 кандидат ұсынылды: 1 (7%) «AMANAT» партиясынан, 1 (7%) «Aуыл» партиясынан, 1 (7%) «Respublica» партиясынан. 11 (79%) өзін-өзі ұсыну.
10 (71.5%) - мемлекеттік қызметшілер, 2 - (14,3%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 1 (7,1%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1 (7,1%) – уақытша жұмыссыз.
Тіркеуге дейін 2 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды.
Сайлауға 12 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 2 - мемлекеттік қызметшілері, 2 - бюджеттік сала қызметкерлері.
1 – «АМАNАТ» саяси партиясынан, 1 - «Aуыл» партиясынан, «Respublica» партиясынан ұсынылды, 1 - өзін – өзі ұсынушы.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 40 жаста, ең кішісі 34 жаста, ең үлкені 48 жаста.
Аудандық маңызы бар қала мен ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.