Ақтөбе облысының
ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 07.12.2025
Ағымдағы жылдың 7 желтоқсанда 1 ауданда (Қарғалы) 1 ауылдық округін әкімінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты.
Оған 1 аумақтық және 2 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
1 сайлау округі бойынша 3 кандидат ұсынылды: 1 (33,3%) «AMANAT» партиясынан, 2 (66,7%) өзін-өзі ұсыну.
3 (100%) - мемлекеттік қызметшілер.
Сайлауға 3 кандидат қатысты.
Сайланған әкім: 1 - мемлекеттік қызметші. 1 «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды.
Сайланған әкімнің жасы 36 жаста.
Ауылдық округ әкімін сайлау қорытындылары туралы хабарлама аудандық сайлау комиссиясының интернет-парақшасында орналастырылған.