Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 11 қаңтарға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын

2026 жылғы 11 қаңтарға тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 2 аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауын 2026 жылғы 11 қаңтарға тағайындады:

 

  1. Мұғалжар ауданында әкім сайлауы:
  • Қандыағаш қаласында

 

  1. Хромтау ауданында әкім сайлауы:
  • Хромтау қаласында

 

         Бүгін 2025 жылғы 3 желтоқсанда 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 2 аудандық маңызы бар қала әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2026 жылғы 11 қаңтарға тағайындалған аудандық маңызы бар қала сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 4 желтоқсаннан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
03 декабря 2025