Ақтөбе облысындағы аудандық маңызы бар қала,
ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 2 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 аудандық маңызы бар қала және 3 ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындады:
Бүгін 2025 жылғы 12 қарашада 2 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 1 аудандық маңызы бар қала және 3 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 21 желтоқсанға тағайындалған аудандық маңызы бар қала және ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 13 қарашадан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.