2025 жылғы 25 шілдедегі
№ 147 қаулысымен бекітілді
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты»
мемлекеттік мекемесі туралы
ЕРЕЖЕ
1-тарау. Жалпы ережелер
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.
Егер заңнамалық актілермен облыс әкімінің аппаратына кірістер әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда алынған кірістер, егер Қазақстан Республикасының заңнамасымен өзгеше белгіленбесе, мемлекеттік бюджетке жіберіледі.
2-тарау. Мемлекеттік органның мақсаттары мен өкілеттіктері
1) өзіне сеніп тапсырылған аумақта мемлекеттік саясатты жүргізу бойынша облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, оның орынбасарларының, облыс әкімі аппараты басшысының және оның орынбасарларының актілері мен тапсырмаларының орындалуын бақылауды ұйымдастыру және жүзеге асыру;
3) заңнамада белгіленген құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан Республикасының Үкіметі, облыс әкімі және әкімдігі қойған міндеттерді іске асыру бойынша облыстың мемлекеттік органдарының қызметін үйлестіру;
4) Қазақстан Республикасының даму стратегиясына сәйкес әлеуметтік-экономикалық даму жоспарларын әзірлеуге, әлеуметтік-экономикалық реформаларды жүзеге асыру тетігін жетілдіруге қатысу;
5) орталық және жергілікті мемлекеттік органдармен, ұйымдармен және азаматтармен өзара іс-қимыл жасау;
6) облыстың жергілікті атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
7) Қазақстан Республикасының заңнамасымен қарастырылған басқа да міндеттерді жүзеге асыру.
Құқықтары:
1) заңнамада белгіленген тәртіппен мемлекеттік органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының және өзге де ұйымдардың лауазымды адамдарынан қажетті ақпаратты, құжаттарды және өзге де материалдарды сұрату және алу;
2) облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру;
3) өз өкілеттіктері шегінде шарттар, келісімдер жасасуға;
4) заңнамада белгіленген тәртіппен облыс әкімі аппаратының және әкімінің мүдделерін білдіруді жүзеге асыру;
5) облыс аумағында орналасқан ұйымдардың басшыларына өз құзыретіндегі мәселелер бойынша қажетті тапсырмалар беру;
6) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де құқықтарды жүзеге асыру.
Міндеттері:
1) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау;
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің және өзге де орталық атқарушы органдардың, облыс әкімінің актілері мен тапсырмаларын уақтылы және сапалы орындау;
3) мемлекеттік мекемеге бекітілген коммуналдық мүліктің сақталуын қамтамасыз ету;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес өзге де міндеттерді жүзеге асыру.
1) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, облыс әкімі мен әкімдігінің, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдардың актілері мен тапсырмаларын орындау мәселелері бойынша облыстың атқарушы органдарының қызметін үйлестіру және олардың орындалу барысы туралы тиісті ақпарат дайындауды ұйымдастыру;
2) облыс әкімінің қатысуымен өтетін әкімдік мәжілістерін, кеңестерді дайындауды ұйымдастыру;
3) облыс әкімінің Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігімен, Үкімет аппаратымен, Парламент аппаратымен, өзге де жоғары тұрған мемлекеттік органдармен өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
4) облыс әкімі мен әкімдігінің жергілікті өкілді және атқарушы органдармен, облыстық аумақтық департаменттер мен басқармалармен, саяси партиялармен және өзге де ұйымдармен олардың құзыретіне кіретін мәселелер бойынша өзара іс-қимылын ұйымдастыру;
5) облыс әкімдігіне тікелей бағынатын мемлекеттік органдардың құрылымын жетілдіру, құру, тарату және қайта ұйымдастыру жөнінде ұсыныстар дайындау;
6) облыс әкімінің және әкімдігінің іс қағаздарын жүргізуді ұйымдастыру, кіріс және шығыс хат-хабарларды өңдеу;
7) әкімдік қаулылары, облыс әкімі шешімдері, өкімдері, аппарат басшысы бұйрықтары жобаларының мемлекеттік және орыс тілдерінің нормаларына сәйкестігіне сараптама жүргізу;
8) құпия іс жүргізуді, арнайы байланысты қамтамасыз ету, хат-хабарларды, құпиялылық режимін өңдеу;
9) облыс әкімі мен әкімдігі актілерінің жобаларына құқықтық сараптама жүргізу;
10) конкурстық, тәртіптік және кадр мәселелері жөніндегі өзге де комиссияларды ұйымдастыру, мемлекеттік қызметті өткеруге байланысты тиісті құжаттарды ресімдеу;
11) облыс әкімі тағайындайтын лауазымдар тізбесіне кіретін кадрлардың сапалық құрамына және қозғалысына талдау жүргізу;
12) мемлекеттік қызметшілерді даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру мәселелері бойынша Мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру;
13) мемлекеттік наградалармен марапаттауға ұсыну бойынша жұмысты ұйымдастыру;
14) жеке және заңды тұлғалардың жолданымдарын қарауды, жеке тұлғаларды және заңды тұлғалар өкілдерін жеке қабылдауды ұйымдастыру;
15) облыс әкімінің аппаратына ведомстволық бағынысты мемлекеттік заңды тұлғалардың қызметін бақылау;
16) облыс әкімінің және әкімдігінің қызметін бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимылды ұйымдастыру;
17) ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, «Электрондық үкіметтің» ақпараттандыру объектісінің ақпараттық қауіпсіздігінің жай-күйін бақылау саласындағы бақылауды жүзеге асыру;
18) Мемлекет Басшысының және мемлекеттік органдардың өзге де жоғары тұрған лауазымды адамдарының өңірге сапарларын ұйымдастыру;
19) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес облыс аумағында сайлау өткізу жөніндегі іс-шараларды ұйымдастыруға қатысу;
20) мемлекеттік органдардың гендерлік, отбасылық-демографиялық саясатты әзірлеу және жүргізу жөніндегі жұмысын үйлестіру;
21) облыс әкімдігі мен әкімінің қызметін ақпараттық-талдау тұрғысынан, ұйымдық-құқықтық және материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз ету;
22) облыстың және экономика салаларының әлеуметтік-экономикалық дамуын талдау және болжау;
23) жергілікті деңгейде мемлекеттік, салалық және өзге де бағдарламалардың іске асырылу барысын талдау, талдау негізінде тиісті ұсыныстар дайындау;
24) халықаралық тәжірибені зерделеу және оның облыс экономикасының әртүрлі салаларын дамыту бойынша қолданылуы;
25) Мемлекеттік қызметтер көрсету сапасына ішкі мемлекеттік бақылауды бақылау және ішкі бақылауды жүзеге асыру;
26) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес ішкі мемлекеттік аудитті жүзеге асыру;
27) соттарда және сот сатыларында, құқық қорғау органдары мен арнаулы мемлекеттік органдарда, мемлекеттік мекемелерде, меншіктің кез келген нысанындағы кәсіпорындарда облыс әкімі мен әкімдігінің, облыс әкімі аппаратының мүдделерін белгіленген тәртіппен білдіру және қорғау;
28) облыс әкімінің прокуратура органдарымен, ұлттық қауіпсіздік, экономикалық тергеп-тексеру, полиция, қылмыстық-атқару жүйесі, төтенше жағдайлар департаменттері және басқа да құқық қорғау органдарымен:
құқық бұзушылықтың алдын алу саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру, заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою, нашақорлық пен есірткі бизнесіне қарсы күрес, терроризм мен экстремизмге қарсы іс-қимыл, өңірдегі қоғамдық-саяси ахуал мәселелері бойынша өзара іс-қимылын қамтамасыз ету;
29) облыс аумағында құқық бұзушылықтың алдын алудың салалық бағдарламалары мен кешенді жоспарларын іске асыру бойынша жұмысты ұйымдастыру;
30) террористік тұрғыдан осал объектілердің жай-күйін зерделеу, проблемаларды талдау, терроризмге қарсы қорғалуын жақсарту жөніндегі
іс-шараларды әзірлеу;
31) терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы жағдайға әсер ететін әлеуметтік-экономикалық, діни және өзге де процестерді мониторингтеу, бағалау және болжау;
32) сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі заңдар мен жоспарлардың іске асырылуын қамтамасыз ету;
33) терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі комиссияның, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өңірлік комиссияның және құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырыстарын ұйымдастыру, шешімдердің орындалуын бақылау;
34) облыс аумағында болуы мүмкін төтенше жағдайларға талдау жүргізу, төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі облыстық комиссия отырыстарын ұйымдастыру, шешімдердің орындалуын бақылау;
35) нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы күреске бағытталған мемлекеттік органдардың қызметін үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық штаб отырыстарын ұйымдастыру;
36) полиция департаментімен бірлесіп Республикалық жедел штабтың отырысына материалдарды ұйымдастыру және дайындау, шешімдердің орындалуын бақылау;
37) полиция департаментімен бірлесіп өңірлік жедел штабтың жыл сайынғы жұмыс жоспарын әзірлеуді ұйымдастырады және оны облыстың құқық қорғау органдарымен келісім бойынша бекітуді қамтамасыз етеді;
38) полиция департаментімен бірлесіп өңірлік жедел штаб отырысына материалдарды ұйымдастыру және дайындау, шешімдердің орындалуын бақылау;
39) қолданыстағы заңнамамен белгіленген өзге де функцияларды жүзеге асыру.
3-тарау. Мемлекеттік орган басшысының мәртебесі, өкілеттігі
1) облыс әкімінің аппаратына жүктелген мақсаттарды іске асыруды ұйымдастырады;
2) өз құзыреті шегінде облыс әкімі аппаратының құрылымдық бөлімшелерінің қызметін ұйымдастырады, үйлестіреді және бақылайды;
3) облыс әкімі аппаратының құрылымы мен штат кестесін, оның құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, облыс әкімі аппараты қызметкерлерінің лауазымдық нұсқаулықтарын бекітеді;
4) облыс әкімі аппаратының мемлекеттік әкімшілік қызметшілерін мемлекеттік лауазымдарға тағайындайды және мемлекеттік лауазымдардан босатады;
5) облыс әкімі аппаратының тәртіптік және конкурстық комиссияларының қызметіне жалпы басшылықты жүзеге асырады;
6) қызметтік тәртіптің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;
7) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерін іссапарға жіберу, оларға демалыстар беру, материалдық көмек көрсету, даярлау, қайта даярлау және олардың біліктілігін арттыру, көтермелеу, үстемеақылар белгілеу мәселелерін шешеді;
8) еңбек қатынастары мәселелері жоғары тұрған лауазымды адамдардың құзыретіне жатқызылған жұмыскерлерді қоспағанда, облыс әкімі аппаратының мемлекеттік қызметшілерінің тәртіптік жауаптылығы мәселелерін шешеді;
9) облыс әкімі аппаратының бұйрықтарын шығарады;
10) мемлекеттік органдарда, өзге де ұйымдарда облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіреді, сот, құқық қорғау және өзге де мемлекеттік органдарда облыс әкімі аппаратының мүддесін білдіруге сенімхаттар береді;
11) ерлер мен әйелдердің тәжірибесіне, қабілеттері мен кәсіби даярлығына сәйкес мемлекеттік қызметке теңдей қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
12) облыс әкімі аппаратының барлық қаржылық құжаттарына бірінші қол қою құқығына ие;
13) облыстық жобалық басқарудың үлгілік базалық бағытына басшылықты жүзеге асырады;
14) қолданыстағы заңнамаға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады;
15) облыс әкімі аппаратының басшысы болмаған кезеңде оның өкілеттіктерін орындауды қолданыстағы заңнамаға сәйкес оны алмастыратын тұлға жүзеге асырады.
4-тарау. Мемлекеттік органның мүлкі
5-тарау. Мемлекеттік органды қайта ұйымдастыру және тарату
Облыс әкімі аппаратының қарамағындағы мекемелердің тізбесі:
«Ақтөбе облысы әкімінің аппараты» мемлекеттік мекемесінің «Ақтөбе облысы әкімдігінің іс басқармасы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі.