Ақтөбе облысы әкімі аппаратының Әдеп жөніндегі уәкілінің іс-шаралар жоспарын орындау мақсатында ағымдағы жылдың бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшілер арасында ҚР Мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі, "ҚР Мемлекеттік Қызмет туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы"заң нормаларын сақтау бөлігінде нақты белгіленген жұмыстар жүргізілді. Аталған кезеңде 147 дәрістер мен семинарлар өткізілді; 18 бейнематериалдар орналастырылды; 27 БАҚ–да жарияланымдар берілді; 365 адамға әдеп кодексінің нормаларын сақтау мәселелері бойынша консультациялар мен түсініктемелер өткізілді, оның ішінде - 266 мемлекеттік қызметшіге, 99 жеке және заңды тұлғалар.
Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл және құмар ойындарға қатысу мәселелеріне қатысты мәселелерді түсіндіру бөлігінде қарсы көрсетілімдерді бұзуға жол бермеуге бағытталған 2 профилактикалық іс-шара өткізілді. Барлық мемлекеттік органдарға осы мәселелер бойынша тиісті ұсынымдар жолданды.
Сонымен қатар дінтану саласындағы мамандарды және экстремизмге қарсы күрес мәселелері бойынша тиісті қызметкерлерді тарта отырып, 2 семинар және 1 тренинг өткізілді.
Кәсіби этика нормаларының сақталуын, сондай-ақ моральдық-психологиялық ахуалдың жай-күйін бақылау мақсатында мемлекеттік органдарда 2236 мемлекеттік қызметші арасында анонимді сауалнама жүргізілді, сауалнама қорытындысы бойынша мемлекеттік мекемелердегі моральдық-психологиялық ахуалдың қанағаттанарлық жағдайда екендігі анықталды.