Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 5 қазанға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын

2025 жылғы 5 қазанға тағайындау туралы хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 1 ауданның аумақтық сайлау комиссиясы 1 ауылдық округ әкімінің сайлауын 2025 жылғы 5 қазанға тағайындады:

 

  1. Әйтеке би ауданында әкім сайлауы:
  • Жабасақ ауылдық округінде

 

         Бүгін 2025 жылғы 27 тамызда Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданның аумақтық сайлау комиссиясының отырысында Жабасақ ауылдық округ әкімінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімді сайлау бойынша сайлау округі құрылды.

2025 жылғы 25 қазанға тағайындалған ауылдық округ әкімінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 28 тамыздан басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссиясының интернет-бетінде орналастырылады.

 

 

 

Дата публикации
27 августа 2025