Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 13.07.2025

 

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 13.07.2025

 

Ағымдағы жылдың 13 шілдеде 8 ауданда (Әйтеке би, Қобда, Мәртөк, Ойыл, Темір, Хромтау, Шалқар, Ырғыз) 19 ауылдық округтер мен 1 ауыл әкімінің сайлауы өтті: 18 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 8 аумақтық және 35 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         20 сайлау округі бойынша 65 кандидат ұсынылды: 19 (229%) «AMANAT» партиясынан, 46 (71%) өзін-өзі ұсыну.

56 (86,3%) - мемлекеттік қызметшілер, 5 (7,7%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (3%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 2 (3%) – уақытша жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 2 кандидат мемлекеттік қызмет заңнамасының талаптарына сәйкес келмеуіне байланысты тіркеуден бас тартылды, 1 кандидат құжаттардың толық топтамасын ұсынбағандықтан, тіркеуден бас тартылды. 1 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.

Бюллетеньдер дайындалғаннан кейін тіркелген 1 кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.

Сайлауға 60 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 15 - мемлекеттік қызметшілері, 3 - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 - коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері.

19 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 1  - өзін – өзі ұсынушылыр.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 46 жаста, ең кішісі 31 жаста, ең үлкені 60 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

 

Дата публикации
14 июля 2025