Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 8 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 1 ауыл және 19 ауылдық округ әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 13 шілдеге тағайындады:
1) Жарсай ауылдық округінде
2) И.Құрманов атындағы ауылдық округінде
3) Талдысай ауылдық округінде
4) Терісаққан ауылдық округінде
1) Қаратоғай ауылдық округінде
2) Қарашай ауылдық округінде
3) Қызылжар ауылдық округінде
1) Қараой ауылдық округінде
1) Ақсай ауылдық округінде
2) Саркөл ауылдық округінде
1) Ақтоғай ауылдық округінде
2) Есет Көтібарұлы ауылдық округінде
1) Тәуіп ауылдық округінде
Бүгін 2025 жылғы 4 маусымда 8 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 1 ауыл және 19 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 13 шілдеге тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 5 маусымнан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.