Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 18.05.2025

 

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 18.05.2025

 

Ағымдағы жылдың 18 мамырда 6 ауданда (Алға, Әйтеке би, Ырғыз, Қобда, Мұғалжар, Ойыл) 2 қалалық және 11 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 9 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 4 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 6 аумақтық және 41 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         13 сайлау округі бойынша 45 кандидат ұсынылды: 9 (20%) «AMANAT» партиясынан, 1  (2,2%) Ауыл партиясынан, 35 (77,8%) өзін-өзі ұсыну.

35 (77,8%) - мемлекеттік қызметшілер, 8 (17,8%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (4, 4%) – уақытша жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 4 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.

Сайлауға 41 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 10 - мемлекеттік қызметшілері, 2 - бюджеттік сала қызметкерлері , 1 - уақытша жұмыссыз.

9 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 1 – «Ауыл» партиясынан, 3  - өзін – өзі ұсынушылыр.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 47 жаста, ең кішісі 34 жаста, ең үлкені 62 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

 

Дата публикации
19 мая 2025