Ақтөбе облысының ауылдық округтер әкімдерін сайлау қорытындылары туралы – 13.04.2025

Ақтөбе облысының

ауылдық округтер әкімдерін

сайлау қорытындылары туралы – 13.04.2025

 

Ағымдағы жылдың 13 сәуірде 5 ауданда (Әйтеке би, Байғанин, Қарғалы, Мәртөк, Темір) 8 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 6 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.

Оған 5 аумақтық және 18 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.

         8 сайлау округі бойынша 26 кандидат ұсынылды: 5 (19,2%) «AMANAT» партиясынан, 21 (80,8%) өзін-өзі ұсыну.

20 (76,9%) - мемлекеттік қызметшілер, 3 (11,5%) - бюджеттік сала қызметкерлері, 2 (7,7%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкерлері, 1 (3,8%) – уақытша жұмыссыз.

Тіркеуге дейін 2 кандидат өз еркімен  арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды. Бюллетеньдер дайындалғанға дейін тіркелген 1 кандидат өз еркімен кандидатурасын алып тастау туралы өтініш берді.

Сайлауға 23 кандидат қатысты.

Сайланған әкімдер: 7 - мемлекеттік қызметшілері, 1 - бюджеттік сала қызметкері.

5 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 3  - өзін – өзі ұсынушылыр.

Сайланған әкімдердің орташа жасы 43 жаста, ең кішісі 35 жаста, ең үлкені 57 жаста.

Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.

Дата публикации
14 апреля 2025