Ақтөбе облысындағы қалалар мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 18 мамырға тағайындау туралы хабар

Ақтөбе облысындағы қалалар мен ауылдық округтер

әкімдерінің сайлауын 2025 жылғы 18 мамырға тағайындау туралы

хабар

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 6 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 11 ауылдық округтердің және 2 қаланың әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 18 мамырға тағайындады:

 

  1. Алға ауданында әкімдер сайлауы:

1) Алға қаласында

2) Бесқоспа ауылдық округінде

3) Қарағаш ауылдық округінде

4)Тоқмансай ауылдық округінде

5) Үшқұдық ауылдық округінде

 

  1. Әйтеке би ауданында әкімдер сайлауы:

1) Аралтоғай ауылдық округінде

2) Қайрақты ауылдық округінде

 

  1. Қобда ауданында әкім сайлауы:

1) Иманғали Білтабанов атындағы ауылдық округінде

 

  1. Мұғалжар ауданында әкімдер сайлауы:

1) Жем қаласында

2) Қайыңды ауылдық округінде

 

  1. Ойыл ауданында әкімдер сайлауы:

1)  Көптоғай ауылдық округінде

2) Саралжын ауылдық округінде

 

  1. Ырғыз ауданында әкім сайлауы:

1) Ырғыз ауылдық округінде

 

         Бүгін 2025 жылғы 9 сәуірде 6 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 11 ауылдық округ және 2 қала әкімдерінің сайлауы тағайындалды.

         Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.

2025 жылғы 18 мамырға тағайындалған қалалар мен ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.

         Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 10 сәуірден басталады.

         Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.

Дата публикации
09 апреля 2025