Ақтөбе облысының
ауылдық округтер әкімдерін
сайлау қорытындылары туралы – 23.02.2025
Ағымдағы жылдың 23 ақпанда 3 ауданда (Алға, Әйтеке би, Темір) 3 ауылдық округтердің әкімдерінің сайлауы өтті: 1 – өкілеттілік мерзімінің аяқталуына байланысты, 2 – өкілеттіліктер мерзімінен бұрын тоқтатылуына байланысты.
Оған 3 аумақтық және 6 учаскелік сайлау комиссиялары жұмылдырылды.
3 сайлау округі бойынша 11 кандидат ұсынылды: 1 (9,1%) «AMANAT» партиясынан, 10 (90,9%) өзін-өзі ұсыну.
9 (81,8%) - мемлекеттік қызметшілер, 1 (9,1%) - бюджеттік сала қызметкері, 1 (9,1%) – коммерциялық құрылымдардың қызметкері.
1 кандидат сәйкестік рәсімінен өтпей қалды, 1 кандидат өз еркімен арыз жазып, кандидатурасын қайтарып алды.
Сайлауға 9 кандидат қатысты.
Сайланған әкімдер: 3 - мемлекеттік қызметшілері
1 – «АМАNАТ» саяси партиясынан ұсынылды, 2 - өзін – өзі ұсынушылыр.
Сайланған әкімдердің орташа жасы 43 жаста, ең кішісі 29 жаста, ең үлкені 54 жаста.
Ауылдық округ әкімдерін сайлау қорытындылары туралы хабарлар аудандық сайлау комиссияларының интернет-парақшаларында орналастырылған.