Қазақстан Республикасы
Үкіметінің регламентіне
13-қосымша
Ақтөбе облысы әкімдігінің
қабылданған заңнамалық актілердің іске асырылуы туралы 2025 жылғы
17 ақпандағы жағдай бойынша ақпараты
«Масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
Қазақстан Республикасының 2024 жылғы 19 маусымдағы Заңдары;
«Масс-медиа туралы» және «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне масс-медиа мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы»
2024 жылғы 19 маусымдағы Қазақстан Республикасының заңдарын іске асыру жөніндегі шаралар туралы»
Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 2024 жылғы 23 шілдедегі № 102-ө өкімі
|
№ |
Құқықтық актінің атауы |
Актінің нысаны |
Орындауға жауапты мемлекеттік орган |
Орындау мерзімі |
Қаулы жобасының Үкімет Аппаратына енгізілген, заңға тәуелді актінің қабылданған, мемлекеттік тіркелген күні (егер мерзімінде орындалмаса, онда орындаудың қай сатысында екені көрсетіледі) |
Қосымша ақпарат |
|
1 |
2 |
3 |
4 |
5 |
6 |
7 |
|
1 |
Мемлекеттік ақпараттық саясат мәселелері жөніндегі өңірлік комиссия құру туралы |
Қаулы |
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы |
2024 жылғы тамыз |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 27 қаңтардағы |
Орындалды |
|
2 |
Өңірлік деңгейде мемлекеттік ақпараттық саясатты жүргізу бойынша мемлекеттік тапсырысты жүзеге асыру үшін сатып алынатын көрсетілетін қызметтердің құнын айқындау әдістемесін бекіту туралы |
Қаулы |
Ақтөбе облысының ішкі саясат басқармасы |
2024 жылғы тамыз |
Ақтөбе облысы әкімдігінің 2025 жылғы 6 ақпандағы № 17 қаулысы Ақтөбе облысының Әділет департаментінде 2025 жылғы 10 ақпандағы № 8681-04 тіркелді |
Орындалды |