Ақтөбе облыстық аумақтық
сайлау комиссиясының
2025 жылғы 29 қаңтардағы
№ 9 қаулысына қосымша
2025 жылғы 30 наурызға тағайындалған Ақтөбе облыстық мәслихатының шығып қалған депутатының орнына сайлауды әзірлеу мен
өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың
КҮНТІЗБЕЛІК ЖОСПАРЫ
|
1. Сайлау округтерінің тізімін, олардың шекаралары мен аумақтық, округтік сайлау комиссияларының орналасқан жерлерін көрсете отырып, тиісті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2025 жылдың 8 ақпанынан кешіктірмей (22-б. 2-т., 2-1-т.)
|
|
2. Аумақтық, округтік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он күн мерзімнен кешіктірмей, 2025 жылдың 8 ақпанынан кешіктірмей (13-б. 4-т., 15-1-б. 3-т.)
|
|
3. Сайлау учаскелерінің шекаралары туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облысының әкімі Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2025 жылдың 13 ақпанына дейін (23-б. 5-т.)
|
|
4. Учаскелік сайлау комиссияларының құрамын бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облыстқы аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау тағайындалғаннан кейін он бес күндік мерзім ішінде, 2025 жылдың 13 ақпанына дейін (17-б. 2-т.)
|
|
5. Бірмандаттық аумақтық сайлау округтері бойынша мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну және тиісті округтік сайлау комиссиясына заңнамада көзделген құжаттарды ұсыну
|
|
|
|
саяси партияларға, қоғамдық бірлестіктерге, сондай-ақ егер жарғыда тиісті өкілеттік көзделген болса, олардың құрылымдық бөлімшелеріне (филиалдары мен өкілдіктеріне) және өзін-өзі ұсыну арқылы азаматтарға тиесілі 2025 жылы 29 қаңтарда басталады және 28 ақпан сағат 18.00 аяқталады
(103-б.)
|
|
6. Мәслихат депутаттығына кандидаттардың оларға Қазақстан Республикасының Конституциясында және «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңында қойылатын талаптарға сәйкестігін белгілеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Көзделген құжаттарды ұсынғаннан кейін (102-б., 103-б. 6-т.)
|
|
7. Тұрғылықты жері бойынша мемлекеттік кірістер органдарына 2025 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша активтер мен міндеттемелер туралы декларацияларды ұсыну (ұсыну мерзімі басталатын айдың бірінші күні) |
|
|
|
Кандидат және оның зайыбы (жұбайы) Тіркелгенге дейін (104-б. 2-т.)
|
|
8. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы 2025 жылы 29 қаңтарда басталады және 5 наурыз сағат 18.00-де аяқталады
(104-б)
|
|
9. Кандидаттарды тіркеу туралы хаттаманы жоғары тұрған сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелген күннен бастап бес күндік мерзімде (104-б. 5-т.)
|
|
10. Мәслихат депутаттығына кандидаттарды тіркеу туралы хабарды бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Тіркелгеннен кейінгі жетінші күннен кешіктірмей
(104-б. 6-1-т. 1-тт., 16-1 б. 6-тт.)
|
|
11. Кандидаттардың сенім білдірілген адамдарын тіркеу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Сенім білдірілген адамдардың тізімі тіркеуге ұсынылғаннан кейін (16-1-б, 6-тт., 31-б.)
|
|
12. Кандидаттың және оның зайыбының (жұбайының) декларацияда көрсеткен активтері мен міндеттемелері туралы мәліметтердің дұрыстығын тексеру |
|
|
|
Мемлекеттік кіріс органдары Кандидат тіркелген күннен бастап он бес күн ішінде (104-б. 2-т.)
|
|
13. Кандидаттардың сайлау қорларының арнаулы уақытша шоттарын ашу |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Кандидат тіркелгеннен кейін (34-б. 6-т.)
|
|
14. Бұқаралық ақпарат құралдарында кандидаттардың арнаулы шоттарына қаражаттың түсуі және олардың жұмсалуы туралы есептерді жариялау |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиясы Айына екі рет
|
|
15. Үгіттік баспа материалдарын орналастыру үшін орындарды айқындау, оларды жарақтандыру және ақпараттандыру |
|
|
|
Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Үгіт басталғанға дейін, 2025 жылдың 5 наурызына дейін (28-б. 6-т.)
|
|
16. Сайлау алдындағы үгітті жүргізу |
|
|
|
Кандидаттарды тіркеу мерзімі аяқталған сәттен басталады және сайлау болатын күннің алдындағы күнгі жергілікті уақыт бойынша нөл сағатта аяқталады 5 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 18.00-де басталады және 29 наурызда жергілікті уақыт бойынша сағат 00.00-де аяқталады (27-б. 2-т.)
|
|
17. Кандидаттарға (жүгінген кезде) сайлаушылармен кездесуі үшін үй-жайлар беру және бөлінген үй-жайларда кандидаттардың сайлаушылармен кездесулер кестесін жасау және бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облысының әкімдігі және Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау алдындағы үгітті жүргізу кезеңінде (28-б. 4-т.)
|
|
18. Әрбір сайлау учаскесі бойынша әкім қол қойған сайлаушылардың тізімдерін учаскелік сайлау комиссиясына акт бойынша ұсыну |
|
|
|
Ақтөбе облысының әкімі Дауыс беру басталардан жиырма күн бұрын, 2025 жылдың 9 наурыз (26-1 б. 1-т.)
|
|
19. Азаматтардың тұрғылықты жері бойынша құрылған сайлау учаскелері бойынша сайлаушылардың тізімдерін танысу үшін сайлаушыларға ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беретін күнге он бес күн қалғанда, 2025 жылдың 14 наурызынан бастап (26-б. 1-т.)
|
|
20. Сайлаушыларды дауыс беру уақыты мен орны туралы хабардар ету |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс беру өткізілетін күнге дейінгі он күннен кешіктірмей, 2025 жылдың 19 наурызына дейін (18-б. 8) т., 38-б. 2-т.)
|
|
21. Дауыс беруге арналған сайлау бюллетеньдерін учаскелік сайлау комиссияларына жеткізу |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Үш күннен ерте емес және сайлауға дейінгі бір күннен кешіктірмей, 2025 жылдың 27 наурыз - 29 наурызы (37-б. 3-т.)
|
|
22. Дауыс беруге арналған сайлау учаскелерін ашу және тиісті хаттама жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Дауыс берудің басталуына бір сағат қалғанда 2025 жылдың 30 наурыз жергілікті уақыт бойынша сағат 06:00-де (38-б. 1-т., 40-б. 1-т.)
|
|
23. Дауыс беруді өткізу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Сайлау күні 2025 жылдың 30 наурызы жергілікті уақыт бойынша сағат 07:00-ден 20:00-ге дейін
(38-б. 1-т.)
|
|
24. Дауыстарды санау және сайлау учаскесінде тиісті мәслихаттардың депутаттарын сайлау бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамалар жасау |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары 2025 жылдың 30 наурызы жергілікті уақыт бойынша сағат 20:00-де басталады және дауыстарды санау басталғаннан 12 сағаттан аспайды
(18-б. 8) т., 43-б.)
|
|
25. Дауыс беру нәтижелері туралы хаттаманың көшiрмесiн сайлау учаскесiнiң үй-жайында жалпыжұрттың танысуы үшiн арнайы белгiленген орынға ілу |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаларға қол қойылғаннан кейін – дереу (43-б. 8-т.)
|
|
26. Сайлау учаскелерінде дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды тиісті округтік сайлау комиссияларына ұсыну |
|
|
|
Учаскелік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
27. Округ бойынша дауыс беру нәтижелері туралы хаттамаларды аумақтық сайлау комиссиясына ұсыну |
|
|
|
Округтік сайлау комиссиялары Хаттамаға қол қойылғаннан кейін – дереу (108-б. 1-т.)
|
|
28. Мәслихаттың шығып қалған депутатының орнына сайлау қорытындыларын анықтау |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап екі күннен кешіктірмей, 2025 жылдың 31 наурызынан кешіктірмей (108-б. 2-т.)
|
|
29. Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау қорытындылары туралы хабарды жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау. |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау өткізілген күннен бастап жеті күннен кешіктірмей 2025 жылдың 5 сәуірінен кешіктірмей (14-б. 9) т., 44-б. 4-т. 2) т.) |
|
|
|
|
30. Шығып қалған мәслихаттар депутаттарының орнына сайланған депутаттарды тіркеу және куәлік пен омырауға тағатын белгі тапсыру |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы
(14-б. 9) т., 46-б. 3-т., 1) т., 112-б. 1-т.)
|
|
31. Сайлау қорына түскен ақшаның жалпы сомасы, оның көздері мен сайлау алдындағы үгітке жұмсалған шығыстары туралы ақпаратты бұқаралық ақпарат құралдарында жариялау |
|
|
|
Ақтөбе облыстық аумақтық сайлау комиссиясы Сайлау қорытындылары жарияланғаннан кейiн бес күн ішінде (34-б. 4-т.) |
Ескертпе: Күнтізбелік жоспардың мәтінінде «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының нормаларына сілтемелер берілді.