Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 23 ақпанға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 3 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 23 ақпанға тағайындады:
1) Сарықобда ауылдық округінде
1) Ақкөл ауылдық округінде
1) Алтықарасу ауылдық округінде
Бүгін 2025 жылғы 15 қантарда 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 3 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 23 ақпанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2025 жылғы 16 қантардан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.