Ақтөбе облысындағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын
2025 жылғы 2 ақпанға тағайындау туралы хабар
«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 113-1-бабына сәйкес Ақтөбе облысындағы 3 ауданның аумақтық сайлау комиссиялары 4 ауылдық округтердің әкімдерін сайлауды 2025 жылғы 2 ақпанға тағайындады:
1) Қарақұдық ауылдық округінде
1) Ш.Берсиев атындағы ауылдық округінде
2) Ойыл ауылдық округінде
1) Бозой ауылдық округінде
Бүгін 2024 жылғы 25 желтоқсанда 3 ауданның аумақтық сайлау комиссияларының отырыстарында 4 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы тағайындалды.
Әкімдерді сайлау бойынша сайлау округтері құрылды.
2025 жылғы 2 ақпанға тағайындалған ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын дайындау мен өткізу жөніндегі негізгі іс-шаралардың Күнтізбелік жоспарлары бекітілді.
Ауылдық округ әкіміне кандидаттар ұсыну 2024 жылғы 26 желтоқсаннан басталады.
Сайлау туралы ақпарат тиісті аумақтық сайлау комиссияларының интернет-беттерінде орналастырылады.